Шығыс Қазақстанда телемұнараға шыққан балалар қайта түсе алмай қалған
Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында екі бала телемұнараның басына шығып кеткен.
Балаларды Тарбағатай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Архат Нығмашев көріп қалған.
"Оқиға орнына Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Диас Жұмаділов келді. Архат Нығмашев мұнараға көтеріліп, балаларды төмен түсірді. Полицей құтқару жұмыстары кезінде көмек көрсетті. Қызметкерлердің үйлесімді іс-қимылының арқасында жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылар ата-аналарға балалардың жүрген жерін үнемі бақылауда ұстау қажеттігін және қараусыз қалған ғимараттар мен қауіпті нысандарда ойнаудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін екенін түсіндіруді ескертті.