Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

2026 жылы қай мамандықтарға ең көп грант бөлінді?

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу аяқталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде негізгі басымдық бұрынғыша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға берілді, деп хабарлайды Tengri Education.
Жаңа оқу жылында бакалавриат бағдарламалары бойынша 75 мыңға жуық білім беру гранты қарастырылған. Конкурсқа қатысу үшін талапкерлерден 127 мыңға жуық өтініш түсті.
Гранттардың басым бөлігі қай салаға бөлінді?
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаеваның айтуынша, мемлекеттік білім беру тапсырысы экономиканың білікті кадрларға деген қажеттілігін ескере отырып қалыптастырылған.

"Мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігіне сәйкес қалыптастырылады. Биыл гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық, 20 пайызы педагогикалық, ал 20 пайызы басқа бағыттарға бөлінді", - деді ол.

Министрлік мәліметінше, конкурстық негізде 75 мыңға жуық білім беру гранты үлестірілді. Өтініштерді қарау кезінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері, таңдалған білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орындары, сондай-ақ заңнамада қарастырылған квоталар ескерілді.

Қай мамандықтарға сұраныс жоғары болды?
Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлер арасында ең танымал болған білім беру бағдарламаларын атап өтті:

"Аударма ісі";
"Халықаралық қатынастар";
"Құқық";
"Психология";
"Қаржы";
педагогикалық бағыттар.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те биыл конкурс жоғары болғанын хабарлады. Оның сөзінше, гранттарды бөлуге қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш берілген.

"Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарын таңдады. Ал қабылдау науқанының қорытындысы бойынша болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар мен педагогтер даярлайтын білім беру бағдарламалары арасында бір гранттық орынға бәсекелестік ең жоғары болады деп күтіледі", - деп жазды Саясат Нұрбек Telegram-арнасында.

Гранттарды бөлу қалай өтті?
Конкурс қорытындысы Республикалық конкурстық комиссияның отырысында бекітілді.
Саясат Нұрбектің айтуынша, комиссия құрамына қоғам қайраткерлері, мемлекеттік орган өкілдері, білім саласының кәсіподақтары, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Жоғары оқу орындары қауымдастығы мен қоғамдық ұйым мүшелері кірді.

"Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды", - деп атап өтті министр.

Нәтижелер қашан жарияланады?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ресми парақшаларында, сондай-ақ ведомствоның ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
Министр нәтижелер 2026 жылғы 7 тамызда сағат 15:00-де жарияланатынын нақтылады.
Бұдан бөлек, талапкерлерге жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасатыны ескертілді.
Тағы оқыңыз: Дәрігерлер ата-аналарға мектеп формасын таңдаудағы қателіктерді ескертті

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus