Құлаған ағаштар және өріктей бұршақ: Өскеменде ауа райы тосын мінез көрсетті
Екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен жел мен жаңбыр қалада бірқатар қиындық тудырды. Өскеменнің бір бөлігі электр жарығынан уақытша ажыратылды. Атап айтқанда, Ахмиров кентінде, 19-шы шағынауданда, әуежай маңында, Шмелев Логта, "Болашақ" шағынауданында және қаланың басқа да аумақтарында жарық сөнгені тіркелді.
Сондай-ақ табиғи құбылыс ағаштарды құлатып, жолдарды су басты.Қолайсыз ауа райының салдары түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Фото: Өскемен әкімдігі
Фото: Өскемен әкімдігі Қала тұрғындары көлемі өріктей болатын бұршақтың фото мен видеоларын бөлісті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
???????? Өскемен|Oskemen (@oskemenlive) жариялаған жазба
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация от Усть-Каменогорск | Новости 24/7 (@ilove.ukg)
"Қазгидромет" РМК мәліметіне сәйкес, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша қала аумағына 20,5 миллиметр жауын-шашын түскен.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Риддер - кеншілер қаласының (@ridder.live) жарияланымы
Қаладағы қазіргі жағдайҚала әкімдігінің мәліметінше, кешкі сағат 18:00-ге қарай бірқатар ауданда электр қуаты қалпына келтірілді.
"Қаланың коммуналдық және апаттық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Құлаған ағаштарды жинау, су басқан учаскелерден су сору және электр жарығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады әкімдік.
Апатты-қалпына келтіру жұмыстарына 270 адам мен 41 арнайы техника жұмылдырылды.
"Қосымша Аумақтық басқару орталығының 85 қызметкері қала аулалары мен көшелерін құлаған ағаштар мен бұтақтардан тазарту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр", - деп толықтырды әкімдік өкілдері.
Фото: Өскемен әкімдігі
Фото: Өскемен әкімдігі
Анықтама: Әкімдіктің соңғы мәліметі бойынша: Болашақ ауданында, Ахмиров ауылының бір бөлігінде, 19-шы шағынауданда, Күленов және Үлбі кенттерінде, Әуежай, Жаңа Согра, Кирзавод, Бабкина мельница аудандарында, Бажов, Рабочая және Михаэлис көшелерінде, сондай-ақ "Витязь", "Металлург-5", "Подснежник" және "Изумруд" бау-бақша серіктестіктерінде электр энергиясын беру қалпына келтірілді. Бажов көшесі, 331/2 мекенжайындағы қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін қала әкімдігі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, ауа райы тұрақталғанша сыртқа шықпауға, сондай-ақ ағаштар мен электр желілерінен алшақ жүруге шақырған болатын.
Тағы оқыңыз: Қазақстанға Ираннан жаңа аптап толқыны келе жатыр