Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Полицияның есігін сындырып, мешіттегі маңдайшаларды жұлып тастаған: қазақстандықтарға вандализм үшін жаза көзделгені ескертілді

Астана прокуратурасы қазақстандықтарға вандализм үшін заңда көзделген жауапкершілік туралы ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордада жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 94 адам жазаланды. Оның ішінде 67 құқық бұзушы қамауға алынса, тағы 27 адамға айыппұл салынды. Тағайындалған айыппұлдардың жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асты.

Прокуратура вандализм үшін жазалаудың бірнеше мысалын келтірді. Мәселен, Астана тұрғыны 4 маусымда мас күйде полиция бөліміндегі есіктің әйнегін қасақана сындырғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі 90 мың теңгеге бағаланды.

Басқа жағдайда Астананың 38 жастағы тұрғыны Шейх Кунта Қажы атындағы мешіттің маңдайшаларын жұлып, лақтырып тастаған. Осы әрекеті үшін ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Тағы бір оқиға 20 мамырда болған. Елорданың 20 жастағы тұрғыны шлагбаумды қасақана зақымдаған. Сот оған 50 АЕК (шамамен 216 250 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Прокуратура бөтеннің мүлкін қасақана жоғаны немесе бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салды. ӘҚБтК-нің 147-1-бабына сәйкес, құқық бұзушылар 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы немесе 60 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл (шамамен 259 500 теңге) салынуы мүмкін.

Бұған дейін Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 34 жастағы мас ер адам лифтпен "төбелескен". Бұл айқаста жеңімпаз болған жоқ: техника істен шығып, бұзақы полиция бөліміне жеткізілді.

Сонымен қатар ІІМ мәліметінше, кейінгі кезде әлеуметтік желілерде хайп жасау немесе видео жариялау мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеп кеткен. Осыған байланысты полиция мұндай әрекеттер заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus