Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әлеуметтік желідегі жазбадан кейін Алматы метросында тексеріс басталды

Алматы тұрғыны бірнеше айдан бері метро вагондарындағы жағымсыз иіске шағымданып келеді. Tengrinews.kz тілшісі "Метрополитен" КМК-да қызметтік тексеріс басталғанын анықтады.
"Тіпті қасында тұрғың келмейді"
Әлеуметтік желілерде Алматы метросының пойызындағы жағымсыз иіске назар аударған жолаушылардың бірінің шағымы кеңінен тарады.

"Вагонның іші қолқаны қабатын сасық. Орындықтарының қасында тіпті тұрғың келмейді. Шара қолдану үшін қайда жүгіну керек?" – деп жазды ол 27 маусымдағы жазбасында.

Фото Threads-тегі @kubeeva_za парақшасынан
Жарияланым астында ондаған пікір жазылды. Көптеген қолданушы жерасты жолындағы жағымсыз иісті байқағанын мәлімдеді.
Кейбіреулер орындықтардың мата қаптамасы иіс пен ылғалды бойына сіңіріп алатынын, сондықтан вагондарды мұқият тазалау қажеттігін алға тартты.

"Иә! Мен онда тіпті отыра алмаймын";
"Әр соңғы станциядан кейін кем дегенде 5 минут желдетіп тұру керек";
"Маған ғана солай көріне ме деп ойласам. Сірә, орындықтарды жуған соң, олар сыз тартып, кеуіп үлгермейтін сияқты";
"Орындықтарды неге матадан жасаған? Пластик қылуға болатын еді ғой".

"Тіпті кеше де болды": жазба авторы не дейді?
Tengrinews.kz тілшісі жазба авторымен байланысты. Бойжеткен кейінгі бір жарым ай ішінде метродағы жағдайдың өзгермегенін айтты.
Оның сөзінше, ол жолдасымен бірге "Райымбек батыр" станциясынан метроға жиі мінеді және үнемі жағымсыз иісті сезеді.

"Иіс әлі күнге дейін бар. Тіпті кеше де метрода жағымсыз иіс шығып тұрды. Күйеуім екеуміз әдетте "Райымбек" станциясынан мінеміз. Метрополитенге жаздым. Бірде вагонда қызметкерді көріп едім, ол жуып жатқанын айтты", – деп бөлісті алматылық тұрғын.

Бойжеткен қалыптасқан жағдайға байланысты метрополитен әкімшілігінен әлі күнге дейін жауап алмағанын атап өтті.
Метрода қызметтік тексеріс басталды
Алматы метрополитені Tengrinews.kz-ке желідегі жазбадан кейін қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

"Мамандар болған жағдайдың мән-жайын анықтап, жарияланымда көрсетілген вагонның техникалық және санитарлық жағдайын тексеріп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тексерістен кейін метрода вагонды қосымша өңдеуге, ал қажет болған жағдайда химиялық тазалау жүргізуге немесе орындық қаптамаларын ауыстыруға уәде берілді.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жылжымалы құрамның тазалық сапасы мен санитарлық жағдайына бақылау күшейтіледі.
Вагондар қалай жуылады және дезинфекцияланады?
Метро өкілдері вагондарды тазалау жұмыстары күн сайын пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін жүргізілетінін түсіндірді.
Кәсіпорын мәліметінше, қызметкерлер салон ішін ылғалды тазалаудан өткізеді, беткі қабаттарды жуып, тұтқаларды, есіктерді және басқа да жанасу аймақтарын дезинфекциялайды. Сонымен қатар жылжымалы құрам тұрақты түрде терең тазартудан өтеді.
Метрополитенде орындықтарды химиялық тазалау тек қажеттілікке қарай жүргізілетінін де айтты. Олардың мәліметінше, егер айтарлықтай ластану, зақымдану немесе тозу белгілері анықталса, орындық қаптамасы тазаланады немесе ауыстырылады.
Компания жыл басынан бері вагондардың санитарлық жағдайына қатысты өтініштер түскенін, бірақ олардың аз болғанын хабарлады. Метрополитен жолаушыларға бейжай қарамағаны үшін алғыс айтып, мамандар жедел әрекет етуі үшін мұндай жағдайлар туралы ресми кері байланыс арналары арқылы хабарлауға шақырды.
Бұған дейін Алматы метросында жолаушылар үшін жаңа шектеулер енгізілген болатын. Электр велосипедтерін, электр самокаттарын, велосипедтерді (балалар велосипедінен басқа), скейтбордтар мен моноциклдерді тасымалдауға тыйым салынды. Шектеулер туралы осы жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus