Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Инвестиция, баспана және бизнес: “Бәйтерек“ холдингінің басшысы Тоқаевқа не туралы баяндады?

Президент "Бәйтерек" холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы және холдингті дамытудың негізгі бағыттары баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа инвестициялық және кредиттік портфель 14,3 триллион теңгеге жетіп, 16,5 триллион теңгеге дейін артады деп болжанып отырғаны, бұл ретте жыл сайынғы таза пайда көлемі 400 миллиард теңгеден асатыны жөнінде мәлімет берілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша холдингтің қолдауымен 77,5 мың, соның ішінде кезекте тұрған 11,6 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.

Былтыр 77 ірі жоба мен шағын және орта бизнеске арналған 27,4 мың жоба қаржыландырылып, экспортқа тауар шығаратын 131 кәсіпкерге қолдау көрсетілді. Ауылшаруашылық тауарларын өндіретін 7,2 мың агроқұрылым көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 11,4 мың техниканы лизингке алды.

Басқарма төрағасы жүргізіліп жатқан трансформация мен "Бәйтерек" холдингінің жаңа ұзақмерзімді даму стратегиясы жайында айтты. Жоба активтерді тиімді басқару, әлеуетті бизнеске қолайлы жағдай жасау және халықтың тұрмыс сапасын арттыру шараларына арналған проактивті инвестициялық холдинг моделіне көшуді қарастырады.

Бұдан бөлек, Президентке бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы баяндалды. Жыл соңына дейін Инвестициялық кеңестің қарауына импортты алмастыруға, экспорт пен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 26 жобаны енгізу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономиканың орнықты өсімін қамтамасыз ету, ұзақмерзімді инвестиция тарту маңызды екенін атап өтіп, шағын және орта бизнесті қолдау тетігін күшейту жөнінде міндет жүктеді. Сонымен қатар азаматтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыруға айрықша назар аударды.

Анықтама: "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің жалғыз акционері - Қазақстан Үкіметі. "Бәйтерек" - құрамына жеті еншілес ұйым кіретін кешенді даму институты. Олар: "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Отбасы банк" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ, "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ, Qazaqstan Investment Corporation АҚ және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ.

Рустам Қарағойшин "Бәйтерек" холдингін 2024 жылғы ақпаннан бері басқарып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus