Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Ливерпульден“ кеткен Салах күтпеген клубты таңдады

"Ливерпуль" мен Мысыр құрамасының аңыз ойыншысы Мохаммед Салах жаңа командасын таңдады. Енді шабуылшы Түркия чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Tengri Sport Фабрицио Романоға сілтеме жасап.
34 жастағы вингер түріктің "Трабзонспор" клубының ұсынысын қабылдап, бұдан былай Суперлигада бақ сынайтын болады.

"Мо Салах "Трабзонспорға" ауысады - бәрі басталды! Клуб мысырлық шабуылшымен келісімге келгенін растады. Салах "Ливерпульден" кетіп, еркін агент ретінде екі жылдық келісімшарт негізінде командаға қосылады", - деп жазды Романо әлеуметтік желіде.


???????? ШҰҒЫЛ ХАБАР: Мо Салах "Трабзонспорға" ауысады, міне, басталды! Клуб мысырлық шабуылшымен келісімге келгенін растады.Салах "Ливерпульден" кеткеннен кейін еркін агент ретінде екі жылдық келісімшартқа отырды.pic.twitter.com/JhILAobRvE
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) 4 тамыз, 2026 жыл
"Ливерпуль" аңызы Қазақстанға келуі мүмкін
Айта кетейік, Салахтың жаңа клубы биыл еурокубоктарда өнер көрсетеді. Команда жолын Еуропа лигасының плей-офф кезеңінен бастап, нәтижесінде осы турнирдің немесе Конференция лигасының ортақ кезеңіне жолдама алады.
Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасында "Левскиден" жеңілген жағдайда да, команда Еуропа лигасына жолдама алу үшін күреседі және кем дегенде Конференция лигасында ойнайды. Конференция лигасына қостанайлық "Тобыл" да өтуі мүмкін.
Мохаммед Салах деген кім?
Естеріңізге сала кетейік, Мысыр құрамасының капитаны - Англияның үш дүркін чемпионы (екі рет "Ливерпульмен" және бір рет "Челсимен"), сонымен қатар Чемпиондар лигасының, Англия кубогінің және Англия лига кубогінің жеңімпазы.
Ол "Ливерпуль" сапында 442 матч өткізіп, 257 гол соқты және 123 нәтижелі пас берді. Ол клуб тарихындағы үздік 3 сұрмергеннің қатарына кіреді, сондай-ақ ассисттер саны бойынша рекорд орнатты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Mohamed Salah (@mosalah) жарияланымы


Бұған дейін алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раундындағы алғашқы матчінде болгариялық "Левскиден" жеңілген болатын.
Қарымта кездесуде алматылық клуб Түркістандағы стадионда өнер көрсетеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus