Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды: қанша қазақстандық бостандыққа шықты?

Ішкі істер министрлігі қылмыстық рақымшылыққа қанша адам ілінгенін түсіндіріп, оның кімдерге қолданылмайтынын еске салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 620 адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен рақымшылық бойынша босатылды. Босап шыққаннан кейін олардың барлығы әкімшілік қадағалауда болады.
Сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 724 адам жазасын әрі қарай өтеуден босатылды. Тағы 730-дан аса сотталған адамның жаза мерзімі қысқартылды.

"Қылмыстық рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір сотталған бойынша материалдар жеке қаралып, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды", - деді ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев.

Ол сотталғандарды босатуға дайындық жұмыстары алдын ала басталатынын айтты. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, оларға құжаттарды рәсімдеуге, жұмыс табуға және қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек алуға қолдау көрсетіледі. Босап шыққаннан кейін пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар сүйемелденіп, олардың сот жүктеген міндеттерді орындауы бақыланады.
ҚАЖК рақымшылық жасалмайтын адамдар санатын заң нақты белгілейтінін еске салды. Олар:

жемқорлық, экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандар;
кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағандар;
азаптау қолданғандар;
қауіпті және аса қауіпті рецидивпен жасалған қылмыстар.

Рақымшылықтың (қылмыстық та, әкімшілік те) біржолғы сипаты бар екенін атап өту маңызды. Құқықбұзушылық қайталанған жағдайда, рақымшылыққа ілінген адамдар жалпы негізде жауапқа тартылады.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 1 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойған болатын.
Заң бірден екі рақымшылықты – қылмыстық және әкімшілікті амнистияны қарастырады. Егер Қазақстанда біріншісі бұрын да қолданылған болса, әкімшілік рақымшылық Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет жүргізіліп отыр. Осылайша, 590 мыңнан астам қазақстандық рақымшылық бойынша әкімшілік айыппұлдардан босатылды.
Қазақстандағы салық амнистиясы: кімдердің айыппұлы кешіріледі?
Бұған дейін рақымшылықтың кімдерге қатысты болатынын, қандай айыппұлдарды автоматты түрде есептен шығару жоспарланып отырғанын, Қуандық Бишімбаев немесе Перизат Қайрат жаза мерзімін қысқартудан үміттене ала ма, сондай-ақ билік рақымшылықты неге дәл қазір өткізуді ұйғарғанын егжей-тегжейлі жазған болатынбыз. Толығырақ – мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Бұған дейін ІІМ 1,5 мың сотталған адам мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus