Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

WhatsApp қолайсыз мәселелердің бірін шешті

WhatsApp топтық чаттарға арналған үш жаңа құралды таныстырды. Олар талқылауларды жылдам ұйымдастыруға, дауыс беруді өткізуге және үлкен қоғамдастықтарды басқаруға көмектеседі. Жаңартулар iOS және Android пайдаланушыларына біртіндеп қолжетімді бола бастады, деп хабарлайды Tengri Life.
Сауалнамалар қалай өзгереді?
WhatsApp өз блогында әзірлеушілер сауалнама функциясын жетілдіріп, бірнеше жаңа мүмкіндікті қосқанын хабарлады.
Енді пайдаланушылар келесі әрекеттерді істей алады:

дауыс берудің аяқталу мерзімін белгілеу;қатысушылардың есімдерін жасыру;сауалнама жасалғаннан кейін 15 минут ішінде сұрақты өңдеу.

WhatsApp-тың жоспары бойынша, мұндай өзгерістер сауалнамаларды күнделікті тапсырмалар үшін - мысалы, кездесу уақытын, демалыс орнын таңдау немесе ұжымдық шешім қабылдау кезінде ыңғайлы ете түседі."@бәрі" командасындағы өзгерістер
Топтық чаттарда "@бәрі" атты жаңа команда пайда болды, ол бір хабарламамен барлық қатысушыға бірден хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.
Бұл функция жоспардың өзгергені, маңызды хабарландыру немесе барлығы көруі тиіс басқа да ақпарат туралы жедел хабарлау қажет болғанда пайдалы.
Скриншот: WhatsApp
Егер топта 32-ден астам адам болса, бұл команданы әкімшілер ғана пайдалана алады.
Бұл ретте пайдаланушылар мұндай хабарламаларды өз бетінше басқарып, қажет болған жағдайда оларды баптаулар бөлімінде өшіре алады.
Бұған дейін қатысушыларды бір-бірлеп белгілеуге немесе хабарлама жазылған хаттардың арасында жоғалып кетпейді деп үміттенуге тура келетін.
Чаттарда не өзегереді?
Тағы бір жаңарту қолданыстағы чат негізінде жаңа топтық чат құруға мүмкіндік береді.
Барлық қатысушы автоматты түрде қосылады, сондықтан әрқайсысын қолмен шақырудың қажеті болмайды.Әзірлеушілердің пікірінше, бұл функция іс-шараларды ұйымдастыруға, тосынсый дайындауға немесе негізгі чатта артық хабарлама жазбай-ақ жеке тақырыптарды талқылауға қолайлы болады.
Жаңартулар қашан қолжетімді болады?
WABetaInfo мәліметінше, жаңа функциялар бүкіл әлемдегі Android және iPhone қолданушылары арасында таратыла бастады.
Компания толық іске қосылудың нақты мерзімін атаған жоқ. Әдетте мұндай жаңартулар барлық пайдаланушыға бірнеше апта ішінде біртіндеп қолжетімді болады.
Айта кетейік, бұл WhatsApp-тың кейінгі кездегі алғашқы ауқымды жаңартуы емес. Жақында компания қоңырауларға арналған бірнеше жаңа функцияны кезең-кезеңімен енгізе бастады. Пайдаланушылар қосымшаны орнатпай-ақ браузер арқылы қоңырау шалу, қоңырауларды құрылғылар арасында ауыстырып қосу және байланыс сапасын жақсарту мүмкіндігіне ие болды.
Тағы оқыңыз: WhatsApp достар мен жақындардың туған күнін еске салып отырады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus