Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Менің ойыншықтарым“: Криштиану Роналду қымбат көліктерін көрсетті

Сауд Арабиясының "әл-Наср" клубында өнер көрсететін португалиялық танымал шабуылшы Криштиану Роналду өзінің көлік топтамасын көрсетті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Саудиялық "әл-Насрдың" және Португалия құрамасының жұлдызды шабуылшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жеке гаражынан бірнеше сурет жариялады.
Фотода Роналду көптеген қымбат автокөлік арасында тұр.
Футболшы суреттің астына: "Менің ойыншықтарым", - деп жазба қалдырған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы


41 жастағы футболшы сәнді суперкарлардың ортасында суретке түскен. Танымал үлгілер арасында Ferrari Monza SP2 (Роналду осы көліктің үстінде отыр), Ferrari Daytona SP3, Ferrari GTC4 Lusso, Bugatti Veyron Grand Sport және Mercedes-AMG One бар.
Басқа кадрлардан оның топтамасындағы өзге де эксклюзивті даналарды көруге болады: Bugatti Chiron, Bugatti Centodieci, Ferrari LaFerrari, McLaren Senna және басқа да гиперкарлар.
Португалиялықтың барлық автопаркі ондаған миллион долларға бағаланады.
Фото: instagram.com/cristiano
Роналдудың көліктерге қызығушылығы
Криштиану бұрыннан көлік топтамасын жинаушы ретінде танымал. Ол автокөліктерді күнделікті міну үшін емес, "көз қуанышы" үшін сатып алатынын бірнеше рет айтқан: ол гаражға жиі барып, оларға қарап, бәрі дұрыс екеніне көз жеткізіп тұрады.
Бұл ретте ол топтамасындағы көліктердің нақты санын білмейді, әртүрлі мәлімет бойынша, оның 40-тан астам автокөлігі бар. Роналдудың ең сүйікті көліктерінің бірі - Bugatti маркалы машиналар.

POV: “Ақша бақыт әкелмейді” 12 миллион долларлық Bugatti мінген Криштиану Роналду ????Ол мұңлы көріне ме? ???? pic.twitter.com/ZYEPYx6S9y- Exotic Motion (@MercedesLover01) 2 тамыз, 2026
Оның талғамы "Манчестер Юнайтед" пен "Реал Мадрид" сапында өнер көрсетіп жүрген жылдары қалыптасқан. Содан бері топтамасы өсіп келеді және қазір әлемдік брендтердің ең сирек әрі қымбат үлгілерін қамтиды.
Дегенмен, Роналдудың өзі көліктерді инвестиция ретінде сатып алатындықтан, оларды мінбейтінін де талай айтқан. Оның үстіне, футболшы қанша көлігі бар екенін де нақты білмейді.

Криштианудың ең танымал көліктері
Роналду автопаркінің жауһарлары арасында мыналар ерекше атап өтіледі:

Bugatti Centodieci - әлемдегі ең сирек кездесетін автокөліктердің бірі (барлығы 10 дана шығарылған). Құны шамамен 8-9 миллион доллар. Бұл - топтаманың нағыз інжу-маржаны.
Bugatti Chiron және Bugatti Veyron Grand Sport Vitesse - әрқайсысы бірнеше миллион доллар тұратын аңызға айналған гиперкарлар.
Ferrari LaFerrari, Ferrari Monza SP және Ferrari Daytona SP3 - шектеулі сериямен шыққан италиялық туындылар.
McLaren Senna - атақты жарысшы Айртон Сеннаға құрмет ретінде шығарылған британдық гиперкар.
Rolls-Royce Cullinan және Rolls-Royce Phantom - жаппай қолданыстағы ең қымбат көліктердің бірі саналатын сәнді әрі жайлы автокөліктер.
Lamborghini Aventador - Роналду өзінің туған күніне сатып алған италиялық классикалық суперкар.


Криштиану Роналду өзінің 10 миллион долларлық Bugatti Centodieci көлігін тізгіндеп барады pic.twitter.com/5ljlxx0iJP- Historic Vids (@historyinmemes) February 23, 2024
Сонымен қатар гаражда арнайы тапсырыспен жасалған Mercedes-AMG G63, Bentley, Porsche және басқа да премиум үлгілер бар.
Роналдудың кейбір көліктері оған сыйға тартылған. Мысалы, оның 35 жасқа толған туған күніне орай қалыңдығы Джорджина Родригес жаңа Mercedes-AMG G63 сыйлаған болатын.

.@Cristiano сүйіктісі Джорджина Родригес 35 жасқа толған туған күніне сыйға тартқан G-Wagon.#PulseGhana #PulseWochitSports #Cristiano #Ronaldo #Mercedez #CR7 pic.twitter.com/nc26K1jVo6- Pulse Ghana (@PulseGhana) February 7, 2020
Криштиану Роналду үйленеді: БАҚ өтетін күні мен орнын атады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus