Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жапониядағы жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты. Өңірде жаңа дүмпулер болуы мүмкін

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аймағында болған магнитудасы 7,1 балдық жер сілкінісі салдарынан 13 адам қаза тапты. Зардап шеккен аудандарда ғимараттар мен көпірлер қираған, деп хабарлайды Tengrinews.kz NHK басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Кумамото префектурасындағы жерасты дүмпулері жапондық сейсмикалық қарқындылық шкаласы бойынша ең жоғарғы 7 балға жеткен. Жапонияда мұндай қуатты жер сілкінісі соңғы рет 2024 жылдың басында, Жаңа жыл күні Ното түбегінде тіркелген болатын.
Жапония премьер-министрі Такаичи Санаэ Кумамотодағы бірнеше жерасты дүмпуінен 13 адамның қаза тапқанын, тағы 31 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі тұрғындарды жаңа күшті жерасты дүмпулеріне дайын болуға шақырады.

"Алдағы апта бойы, әсіресе жақын арадағы екі-үш күнде сейсмикалық қарқындылығы 7 балға жететін ықтимал жер сілкіністеріне дайын болға шақырамыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Кумамото қаласына іргелес орналасқан Касима қаласындағы сауда орталығында жер сілкінісінен кейін жарылыс болды. Онда екі адам мерт болды.
Жергілікті полицияның мәліметінше, жарылысқа дейін сауда кешенінен 200-ге жуық сатып алушы, қызметкерлер мен өзге де адамдар эвакуацияланған.
Жер сілкінісі салдарынан Яцусиро қаласындағы Nippon Paper Industries кәсіпорнында түтін мұржасы құлап, өзге де нысандар зақымдалды. Онда екі адам қаза тауып, тағы тоғыз адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.
Қаладағы көпірлердің бірінде жол төсемі опырылып, соның салдарынан көлік қозғалысы тоқтады.Аймақтағы ауруханаларға түрлі жарақатпен 130-дан астам адам жеткізілді.
Kyushu Electric Power Company компаниясы өз сайтында жергілікті уақыт бойынша сәрсенбі күнгі таңғы 7:30-дағы жағдай бойынша Кумамото префектурасында 37 000-ға жуық үй жарықсыз қалғанын хабарлады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus