Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтарға Африкадағы алмаздан табыс уәде етілген: Sax Invest оқиғасы қалай аяқталды?

Ақтауда сот Sax Invest қаржы пирамидасының басшыларына қатысты үкім шығарды. 2018-2022 жылдар аралығында оның қызметіне Қазақстанның түрлі қалаларынан мыңнан астам тұрғын тартылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Инвестициялық қор түрінде әрекет еткен қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар бағалы қағазға, қаржы құралдарына және басқа да активтерге инвестиция салуды ұсынған, сондай-ақ Африкадағы алмаз өндіру бойынша халықаралық жобаға қатысатындарын мәлімдеген.
Олар барлығы 9 миллиард теңгеден астам қаражат тартқан.

"Тергеу барысында салынған қаражаттың қомақты бөлігі компанияның есепшотына емес, ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылғаны анықталды. Кейіннен бұл ақша жеке мақсаттарға, соның ішінде құмар ойындарға, пәтер сатып алуға, жеке үй салуға және басқа да қажеттіліктерге жұмсалған", - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сот қылмыстық топтың сегіз мүшесін кінәлі деп таныды. Олар 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Мемлекет пайдасына жеке үй, сондай-ақ цифрлық активтер тәркіленді.

"Сонымен қатар азаматтық талаптарды орындау мәселесі шешілгенге дейін сотталғандардың мүлкіне, соның ішінде екі автокөлікке, екі пәтерге және жер учаскесіне салынған тыйым күшінде қалды", - деп толықтырды Агенттік өкілдері.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus