Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алтайда әйел мас күйде ауыр жол апатын жасаған: СІМ қазақстандықтардың қазасына қатысты пікір білдірді

27 шілдеде кешкісін Алтай Республикасының Улаган ауданындағы Ақташ ауылы маңында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі қазақстандық қаза тауып, үшеуі зардап шекті. Қазақстан СІМ қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қарсы бағытқа шығып кеткен"
Ресей ІІМ мәліметінше, апат шамамен сағат 20:30-да болған. Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Avensis көлігін тізгіндеген 31 жастағы жергілікті тұрғын қарсы бағытқа шығып кетіп, Қазақстанның 40 жастағы азаматы тізгіндеген Chevrolet Nexia көлігіне соқтығысқан.
Фото: 04.мвд.рф
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы ауыр жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, көз жұмды.
Chevrolet-тің үш жолаушысы - екі 63 жастағы ер адам және 13 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Олардың бәрі Қазақстан азаматы.
Сонымен қатар, медициналық мекемеге Toyota жолаушысы – 21 жастағы Алтай тұрғыны жеткізілген.

"Оқиғаға себепкер болған әйелдің өзі жеңіл жарақат алған, оған ауруханаға жатудың қажеті болмады. Тексеру барысында әйелдің көлік жүргізу құқығынсыз және мас күйде рөлге отырғаны анықталды", - деп хабарлады ведомство.

Қазақстан СІМ пікірі
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

"Алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында Қазақстанның екі азаматы қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз. Тағы бір отандасымыз түрлі дәрежедегі жарақаттар алып, Таулы Алтай қаласындағы республикалық клиникалық ауруханаға шұғыл жатқызылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазақстан СІМ басқа да зардап шеккен отандастарымыздың жағдайы туралы әзірге ақпарат берген жоқ.
Министрлік қазақстандық дипломаттардың жергілікті билік, медициналық мекеме және зардап шеккендердің туыстарымен жедел байланысқа шыққанын атап өтті. Оларға консулдық-құқықтық көмек, сондай-ақ қаза тапқандардың мәйіттерін отанына тасымалдауды ұйымдастыруға жәрдем көрсетіліп жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus