Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлттар лигасының басталуына екі айдан аз уақыт қалды: Қазақстан құрамасын кім басқаруы мүмкін?

Футболдан Қазақстан құрамасы екі айға жуық уақыттан кейін Ұлттар лигасындағы жолын бастайды. Жаңа бас бапкердің есімі әлі жарияланған жоқ, ал ықтимал үміткерлер ретінде әртүрлі маманның аты аталады. Tengri Sport бүгінде белгілі ақпаратты жинақтады.
Төрт айлық үзілістен кейінгі Қазақстан құрамасының алғашқы ойыны сырт алаңда өтеді. 26 қыркүйекте Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында команда Фарер аралдарына қарсы ойнайды.
Ұлттық құрама бұдан ертерек бас қосады – 17 қыркүйектен кейін ел чемпионатында дайындыққа арналған үзіліс жоспарланған. Алайда, бұл дайындықпен кім айналысатыны және оның қалай өтетіні әлі де белгісіз.
Қалай Қазақстан құрамасы бапкерсіз қалды?
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құраманың кейінгі бапкері Талғат Байсуфинов 22 маусымда қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Қазақстан футбол федерациясы хабарлағандай, бұл оның жеке шешімі болды.
Байсуфиновтың келуімен команда мықты македониялықтармен және бельгиялықтармен тең түсіп, Лихтенштейнді сенімді түрде жеңген болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Football Federation (@kff_resmi) жарияланымы


Бұған дейінгі тәлімгер Әли Әлиев те құрамадан өз еркімен кеткен еді, бірақ оның жағдайы басқаша болды – соңғы матчінде команда сырт алаңда Бельгиядан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.
ҚФФ жаңа бапкер іздеу туралы не дейді?
Байсуфинов қызметінен кеткеннен кейін төрт күн өткен соң, ҚФФ басшысы Марат Омаров жаңа маманды іздеу жұмыстары басталғанын, оның ішінде қазақстандық та, шетелдік те мамандар қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

"Қазіргі ең басты міндет – лайықты бас бапкер табу. Жаттықтырушылар кеңесі қазір жергілікті мамандар арасында да, шетелдік мамандар арасында да үміткерлерді қарастырып жатыр. Бізге ең қолайлы маманды таңдаймыз", - деді ол.

Кейін ҚФФ баспасөз қызметі бас бапкер лауазымына үміткерге қойылатын талаптарды жариялады. Мұнда маманның жоғары үміт пен жедел нәтиже талап етілетін жағдайда жұмыс істеуіне тура келетіні назар аудартады.
Үміткерге қойылатын негізгі талаптарға мыналар кірді:

Жоғары қысымда жұмыс істеу тәжірибесі: қысқа мерзімді жиындардың қатаң уақыт шеңберінде, жоғары үміт пен маңызды ресми матчтер жағдайында жұмыс істеуге дайын болу.
Тактикалық икемділік: ойын моделі мен матч жоспарын нақты қарсыласқа, ағымдағы есепке, кадрлық шектеулер мен кездесу сценарийіне қарай жедел бейімдеу қабілеті.
Көшбасшылық және коммуникация: талапшыл, бірақ құрметке негізделген басқару стилі, дағдарыстық жағдайларда сабырлылық сақтау және медиа кеңістікте команданы тиімді қорғай білу.
Көпсалалы штаб: сарапшылар, дене даярлығы жөніндегі бапкерлер мен қақпашылар бапкерлерін қоса алғанда, теңгерімді мамандар тобын құра білу.

Құраманың жаңа бапкері кім болуы мүмкін: тізім белгісіз
Қазақстан құрамасы жаңа бапкер күтіп жүрген уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде көптеген есім аталды.
Мысалы, тегі грек танымал австралиялық Анже Постекоглудың кандидатурасы қарастырылғаны айтылды (бірақ ол Сауд Арабиясындағы клубты басқарып кетті). Сонымен қатар агент Антониу Стоян ҚФФ-ға құрамалардың бұрынғы бапкерлері Эдвард Йордэнеску (Румыния), Роберто Морено (Испания) және Крис Коулманды (Уэльс) ұсынғанын, бірақ оның айтуынша, олар қабылданбағанын мәлімдеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Robert Moreno-ның (@robertmoreno) жарияланымы


Құрамаға шетелдік бапкердің келуі мүмкін екенінің бір себебі ретінде, қазір ҚФФ-дағы басты лауазымдардың бірін Еуропада үлкен тәжірибесі бар австралиялық Скотт Манн иеленіп отырғаны айтылады.
Қазақстанда бапкер ауысқан сайын аты аталатын тағы бір шетелдік үміткер – команданың бұрынғы бапкері Магомед Адиев.
Ол құраманы Еуро-2024 жолдамасына таласатын шешуші матчтерге дейін жеткізіп, кейін Ресей премьер-лигасында жұмыс істеді. Бапкердің соңғы жұмыс орны беларусьтік "МЛ Витебск" болды, бірақ ол жұмысын бастай сала жанжалдан кейін кетіп қалды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

QSport Qazaqstan / Чемпиондар лигасы / UCL (@qsportqazaqstan) жарияланымы


Отандық мамандардың ішінде үш үміткер жиі аталады – "Жетісу" бапкері Қайрат Нұрдәулетов, "Астана" бапкері Григорий Бабаян және "Қайрат" бапкері Рафаэль Оразбахтин. Біріншісінің жастар құрамасында жұмыс тәжірибесі бар, ал қалған екеуі – кейінгі жылдардағы ішкі біріншіліктің ең табысты бапкерлері.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясы үміткерлер тізімін жариялаған жоқ. Онда баспасөз бен жанкүйерлерден әзірге жасырын басқа да есімдердің болуы әбден мүмкін.
Қазақстан құрамасы: алдағы матчтер
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасының B лигасынан кейін Қазақстан құрамасы қайтадан C лигасына түсіп қалды. Осыдан бірнеше жыл бұрын команда осы санатта топты жеңіп, Еуро іріктеуінің плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.
Бұл жолы команда қарсыластары Фарер аралдары, словактар мен молдовандар болды.
Бұл ретте, егер бұрын Ұлттар лигасы үш жиын бойы өтсе, қазір көптеген міндет команданың алғашқы шақырылымында шешіледі. 26 қыркүйек пен 6 қазан аралығында құрама бірден төрт ойын өткізеді – екеуі сыртта, екеуі өз алаңында.

26 қыркүйек. Фарер аралдары - Қазақстан;
29 қыркүйек. Словакия - Қазақстан;
2 қазан. Қазақстан - Молдова;
6 қазан. Қазақстан - Фарер аралдары.

Қалған екі кездесу қарашада өтеді, ал келесі жылы Еуро-2028 іріктеуінің негізгі кезеңі басталады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus