+36 градус ыстық: синоптиктер Астана мен Алматыға арналған болжамды нақтылады
"Қазгидромет" синоптиктері 29, 30 және 31 шілдеге арналған Алматы мен Астана қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
29 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 7-12 метр, екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +29...+31 градус болады.
30 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус болады.
31 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +33...+35 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
29 шілде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус болады.
30 шілдеге дейін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус болады.
31 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +34...+36 градус болады.
Бұған дейін "Қазгидромет" алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жауатынын ескерткен болатын. Сонымен қатар еліміздің оңтүстігінде +44 градусқа дейін аптап сақталса, солтүстікте ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі. Толығырақ: осы жерден оқыңыз.