Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Интернетке жарияламаңыздар: ІІМ жасөспірімдерге үндеу жасады

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жасөспірімдерге әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау және қауіп төндіруі мүмкін жеке ақпаратты жарияламау туралы үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
ІІМ әлеуметтік желілер араласуға, білім алуға және өмірдегі оқиғалармен бөлісуге көмектесетінін, алайда шектен тыс ашықтық елеулі қатерлерге себеп болуы мүмкін екенін еске салды.
Негізгі қауіпсіздік ережелері:

Жеке ақпаратты жарияламаңыз: үй мекенжайы, телефон нөмірі, мектеп атауы, сабақ кестесі және бейтаныс адамдарға сіздің қайда екеніңізді анықтауға көмектесетін басқа да мәліметтерді бөліспеңіз.
Нақты уақыт режимінде геолокациясы көрсетілген фотосуреттер мен стористерді жарияламаңыз. Оларды сол жерден кеткеннен кейін бөліскен абзал.
Достар тізіміне тек өзіңіз жеке танитын адамдарды ғана қосыңыз.
Жазбаларыңыз тек сенімді пайдаланушыларға қолжетімді болуы үшін аккаунтыңыздың құпиялылық параметрлерін реттеңіз.
Бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттеріңізді, құжаттарыңызды және басқа да құпия ақпаратты жібермеңіз.
Егер бейтаныс адам тым қатты зейін танытса, жеке сұрақтар қойса, сіздің қайда екеніңізді айтса немесе қорқытуға тырысса, қарым-қатынасты дереу тоқтатыңыз.
Күдікті аккаунтты бұғаттаңыз.
Мұндай жағдайлар туралы міндетті түрде ата-анаңызға, заңды өкілдеріңізге немесе өзіңіз сенетін басқа ересек адамға хабарлаңыз.


"Есіңізде болсын: сіздің қауіпсіздігіңіз жазылушылар мен лайктардың санынан әлдеқайда маңызды. Цифрлық ортадағы жауапты мінез-құлық жеке деректерді қорғауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға көмектеседі", - деп атап өтті ІІМ өкілдері.


Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ІІМ жасөспірімдерді банк карталары арқылы заңсыз қаржылық операцияларға тарту схемасы туралы ескерткен болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus