“Концерт маңыздырақ“ - “Қайрат“ бапкері Алматыдағы ЧЛ орнына Канье Уэсттің кеші туралы
Рафаэль Оразбахтиннің айтуынша, қала үшін команданың Чемпиондар лигасындағы жайлы жағдайынан гөрі америкалық рэпердің концерті маңыздырақ болып шыққан.
"Еурокубок матчінің ауыстырылуына келетін болсақ. Бізде Шымкент пен Астана нұсқалары болды, бірақ біз Түркістанды таңдадық. Таңдау мүмкіндігі болмады. Қала үшін "Қайраттан" гөрі концерт маңыздырақ. Жарайды, онда Түркістанда ойнаймыз", - деді бапкер Қазақстан чемпионатындағы "Ордабасыны" жеңгеннен кейін.
"Қайрат" Канье Уэстке қарсы: концерт алматылық командаға ЧЛ-да неге кедергі болуы мүмкін
Еске сала кетейік, Канье Уэстің менеджері 14 тамызда Алматыдағы "Орталық" стадионда атақты рэпердің жаңа концерті өтетінін хабарлаған болатын.
Осыдан кейін "Қайрат" бұл күн клубпен келісілмегенін мәлімдеді, ал 12 тамызда алматылықтар Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында өз алаңында матч өткізуі мүмкін еді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FMG - маркетингтік холдингінің жазбасы (@firstmediagroup)
Бұл ойын өтуі үшін "Қайрат" екінші раундта Кипрдің "Омония" клубынан өтуі керек (әзірге алғашқы кездесуден кейін команда 0:1 есебімен жеңіліп жатыр). Содан кейін үшінші раундта алматылықтардың қарсыласы "Левски" (Болгария) - "Университатя" (Румыния) жұбының жеңімпазы болады.
Нәтижесінде, ықтимал матчті Түркістанға ауыстыру мақұлданды – алматылықтарға Чемпиондар лигасының маңызды матчін өз стадионында емес, басқа жерде өткізуге тура келеді.
Айта кетейік, өткен жылы алматылықтар көбіне өз жанкүйерлерінің қолдауының арқасында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығып, тарихи жетістікке қол жеткізген болатын. Одан кейін қалаға мадридтік "Реал" келіп, "Қайрат" еуропалық клубтық футболдың ең жоғары деңгейінде сегіз матч өткізді.
Бұған дейін алматылықтар өз алаңында "Ордабасыны" қиындықпен жеңіп, Қазақстан чемпионатында бірінші орынға шықты.