Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Алматыда 25 шілдеден бастап үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді. № 61, 218 және 238 автобустарға қатысты бұл өзгеріс Саин көшесі жаңа учаскесінің ашылуына және арнайы автобус жолағының іске қосылуына байланысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 25 шілдеден бастап Алматыда №61, №218 және №238 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді. Бұл шешімді қалалық Жол қозғалысы ұйымдастыру және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде көлік қозғалысының ашылуына, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтың іске қосылуына байланысты қабылдады.

Өзгеріс қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ жаңартылған көше-жол желісін тиімді пайдалануға бағытталған, деп хабарлады Алматы әкімдігінен.

25 шілдеден бастап бағыттар төмендегі сызба бойынша қатынайды:

№218 бағыт

- Оңтүстік бағытта: Мөңке би көшесі - Саин көшесі - Абай даңғылы - Яссауи көшесінен кейінгі кері бұрылу - Абай даңғылы - "Б. Момышұлы метро бекеті" соңғы аялдамасы.- Кері бағытта: "Б. Момышұлы метро бекеті" - Абай даңғылы - Саин көшесі - Мөңке би көшесі - әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

№238 бағыт

- Оңтүстік бағытта: Саин көшесі - Төле би көшесі - "Автостанция" соңғы аялдамасы.- Кері бағытта: "Автостанция" - Төле би көшесі - Саин көшесінен кейінгі кері бұрылу - Төле би көшесі - Саин көшесі - әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

№61 бағыт

- Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы - Саин көшесі - әл-Фараби даңғылы - "Арман" автостанциясы" соңғы аялдамасы.- Кері бағытта: "Арман" автостанциясы" - Жароков көшесінің жолайрығы - әл-Фараби даңғылы - Саин көшесі - Абай даңғылы - әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

Жолаушылардан сапарын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерісті ескеру сұралады. Жаңартылған қозғалыс сызбалары туралы ақпарат аялдамаларға, сондай-ақ қаланың ақпараттық қосымшаларында жарияланады.

Тағы оқыңыз: Алматыда Төле би көшесін ұзарту үшін тағы бір көше жабылады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus