Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ішінен және аяғынан тепкен. СҚО-да медицина қызметкеріне шабуыл жасаған ер адамға сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстан облысында мас күйінде медицина қызметкеріне шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды TengriHealth.
СҚО-дағы медицина қызметкеріне жасалған шабуыл туралы не белгілі?
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауданаралық сотының мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 23 маусымда түс кезінде Ұзынжар ауылының маңында болған.
Тергеу нұсқасы бойынша, мас күйіндегі ер адам сол сәтте өзінің қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкеріне тап берген.
Күдіктінің медицина маманын оң жақ сирағы мен ішінен теуіп, екі қолымен білегінен ұстап, физикалық ауырсыну тудырып, дене жарақатын салғаны хабарланды.

"Сотталушы өз іс-әрекетімен А.-ның кәсіби борышын орындауына кедергі келтірген. Құқық бұзушының заңсыз әрекеттерін оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тоқтатты", - делінген хабарламада.

Сот шешімі
Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, жиналған дәлелдемелермен, сондай-ақ оның өз кінәсін мойындаған жауаптарымен расталды.
Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.
Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде пациенттің медицина қызметкерін қорлап, оған қоқан-лоққы көрсеткен видеосы тараған болатын. Жарияланымнан кейін бұл жағдайға полиция мен өңірлік денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді.
Медицина қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсеткені үшін қандай жаза қарастырылған?
Еске сала кетейік, 7 наурызда Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Олар медицина қызметкерлеріне қатысты күш көрсету және қоқан-лоқы жасағаны үшін жазаны қатаңдатуды қарастырады.
Заң медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаудың көптеген оқиғасынан кейін қабылданды.
Қылмыстық кодекстің "Медицина қызметкеріне қатысты қоқан-лоқы немесе күш көрсету" атты 380-3-бабының санкциялары бойынша мынадай жазалар қарастырылған:

күш қолдану қатері үшін – 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл (865 000-нан 2 162 000 теңгеге дейін), 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
егер мұндай әрекет ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалса – 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданғаны үшін – 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл (2 162 500-ден 4 325 000 теңгеге дейін), 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру;
өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданғаны үшін –5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, ал ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда – 7 жылдан 12 жылға дейін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus