Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық Threads-тегі пікірлері үшін сотталды

Семей тұрғыны Threads әлеуметтік желісіндегі пікірлері үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Абай облыстық сотына сілтеме жасап.
Қылмыстық істі Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарады. Іс материалдарына сәйкес, ер адам бір жарым жылға жуық уақыт бойы Threads әлеуметтік желісіндегі өзге қолданушылардың дін тақырыбындағы жазбаларына пікірлер қалдырып отырған.

"Қақтығыс туғызу мақсатында ол ұлттық және діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың дінге көзқарасы мен ұлттық тиесілілігіне байланысты ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған пікірлерді қасақана жариялаған", - деп мәлімдеді сот.

Сот қандай жаза тағайындады?
Сотталушы кінәсін толық мойындап, өзіне бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Прокурор болса, керісінше, нақты мерзім беруді талап етті.
ҚР ҚК-нің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру) бойынша айыппұл салу, не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Сот үкімі бойынша, И. ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Жеңілдететін мән-жайларды (істеген ісіне шын жүректен өкінуі, соттылығының болмауы, қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылуы, тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан оң мінездеме берілуі) ескере отырып және ауырлататын мән-жайлардың болмауына байланысты оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады сот.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus