Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Үш түстен артық емес: Астанада қасбеттерге арналған ереже енгізіледі

Астанада ала-құла үйлерді салуға тыйым салынбақ. Жаңа ғимараттарға тек бәсең реңктегі үш түсті пайдалануға рұқсат етіледі. Мұндай талаптар елорданың жаңа дизайн-кодында жазылған, ол 22 шілдеде қаланың қоғамдық кеңес отырысында таныстырылды, деп хабарлайды Tengri Home.
"60-30-10" формуласы: елорда қандай түске боялады?
Жаңа дизайн-код ережесі – ғимаратты безендіруде үш түстен артық қолданбау.

"Жаңа дизайн-кодқа келетін болсақ, оның нақты талаптарының бірі – кез келген ғимаратты (тұрғын үй, бизнес-орталық немесе қонақүй болсын) безендіруде үш түстен артық пайдаланылмауы тиіс", – деді сәулет басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов.


Қасбеттегі түс жүктемесінің бөлінісі келесі пропорцияларда бекітіледі:

60 пайыз – базалық (негізгі) түс. Ашық, бейтарап немесе бәсең реңктер қасбет ауданының кемінде 60 пайызын алып, жалпы жұмсақ фон қалыптастыруы тиіс;
30 пайыз – қосымша түс. Сәулет элементтерін, еркерлерді немесе іргелерді эстетикалық тұрғыдан ерекшелеу үшін қолданылады (30 пайыздан аспайды);
10 пайыз – акценттік түс. Қанық түске тек жергілікті жерде – кіреберіс топтарын, қуыстарды және ұсақ сәндік бөлшектерді ерекшелеуге рұқсат.

Сәулет басқармасының мәліметі
Салынып қойған ала-құла үйлер не болмақ?
Жалпы стильден ерекшеленіп тұрған ғимараттарға қалада "реконструкциялау және реставрациялау" тетігі қолданылады, деді Ахметов:

"Біз жаңа теміржол вокзалы маңындағы Мыңжылдық аллеясы туралы айтып отырмыз. Онда ашық қызыл түсті үйлер тұрғанын көрген боларсыздар. Бекітілген эскиздерге қарасақ, олар мүлдем басқаша көрінеді. Алайда қазір бұл үйлерде адамдар тұрып жатыр, сондықтан біз оларды бекіту және қабылдау бойынша қажетті процедураларды жүргізуге мәжбүрміз (...) Ал салынып қойған және қолданыстағы үйлерге келетін болсақ, реставрациялау және реконструкциялау сияқты тетіктер бар".

Бұған дейін Астананың жаңа дизайн-кодында кондиционерлерді орнатудың жаңа ережелері енгізілгені туралы хабарлаған болатынбыз. Тұрғын үйдің жайлылық класына байланысты монтаждау шарттары әртүрлі болады.
Тағы оқыңыз: Қасбеттегі кондиционерге тыйым және бірыңғай балкон: дизайн-код Астанада нені өзгертеді?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus