Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп хуситтердің Сауд Арабиясына қатысты мәлімдемесіне жауап берді

АҚШ президенті Дональд Трамп йемендік хуситтердің Сауд Арабиясына теңіз блокадасын жасау туралы қоқан-лоқысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Fox News басылымына сілтеме жасап.
Трамп "Ансар Аллах" қозғалысы содырларының Қызыл теңізді қоршауға алу әрекетін жоққа шығармады, алайда бұл әлі жүзеге аспағанын атап өтті. Сондай-ақ ол мұндай жағдай болса, АҚШ-тың мәселені реттейтініне уәде берді.

"Не болатынын көре жатармыз. Бұл әлі болған жоқ. Болуы мүмкін, бірақ біз мұны қамтамасыз етеміз. Егер соған ұқсас жағдай орын алса, біз бәрін шешеміз", - деді Ақ үй басшысы Ливан президенті Джозеф Аунмен кездесуінде журналистердің сауалына жауап бере отырып.


"Біз бұған дейін хуситтермен осылай істегенбіз", - деп қосты Трамп оларға қарсы іс-қимылдарды меңзеп.

Күні кеше йемендік хусит көтерілісшілерінің "Ансар Аллах" қозғалысының әскери өкілі Яхья Сариа "көзбе көз" қағидаты бойынша Сауд Арабиясына дереу теңіз блокадасын бастайтынын жариялады.
Мәлімдемеде бұл қадам Йеменнің "жалғасып жатқан саудиялық блокадасына" жауап екені айтылған. Сария Эр-Риядты порттар мен әуежайларды көп жылдар бойы жауып тастады және теңіз, құрлық және әуе шектеулерін енгізді деп айыптады.
Мәлімдемеде хуситтер оқиғаның кез келген бағытта өрбуіне дайын екені және Сауд Арабиясы тарапынан шиеленіс болған жағдайда қатаң жауап қайтару құқығын өзіне қалдыратыны баса айтылған.
Сауд Арабиясы бастаған коалиция Баб-эль-Мандеб бұғазындағы кемелерге қауіп төндірген хуситтерге қарсы батыл шаралар қолданатынын айтып, сес көрсетті. Бригадалық генерал Турки аль-Маликидің мәлімдемесінде коалиция қолбасшылығы "Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы өтетін сауда кемелерін қорғау шараларын жүзеге асыруды бастағаны" және "өтіп жатқан кемелерге қатысты хуситтердің қоқан-лоқысына батыл әрі қатаң жауап берілетіні, өйткені бұл халықаралық құқықты айқын бұзу және қарақшылық ретінде бағаланатыны" айтылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus