Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтөбе облысында жүргізушілердің басым көпшілігі орташа жылдамдықты сақтамайды: ІІМ

10 шілдеден бастап республикалық маңызы бар Ақтөбе – Қандыағаш тасжолы учаскесінде көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын автоматты бақылау жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Полиция мәліметінше, алғашқы 10 күн ішінде жүйе белгіленген орташа жылдамдықты асырудың 12 мыңнан астам фактісін тіркеген.
Департамент өкілдері жүйе айыппұл санын көбейту үшін емес, ең алдымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында енгізілгенін атап өтті.

"Жылдамдықты бір нүктеде тіркейтін камералардан айырмашылығы, бұл жүйе автокөліктің жолдың бүкіл бақыланатын бөлігіндегі орташа жылдамдығын есептейді. Сондықтан тек камера алдында жылдамдықты бәсеңдетіп, содан кейін оны қайта асыру мүмкін болмайды - заңбұзушылық бәрібір тіркеледі", - деп атап өтті полиция.

Еске сала кетейік, орташа жылдамдықты бақылау тағы бірнеше учаскеде енгізілген болатын. Мәселен, 10 шілдеден бастап келесі жол учаскелерінде бақылау жүргізіледі:

Алматы – Қорғас;
Көкшетау – Петропавл;
Астана – Теміртау, Аршалы – Ошағанды учаскесінде

Сонымен қатар болашақта орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жалпы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырым болатын тағы 14 ақылы учаскеде енгізілуі мүмкін.
Орташа жылдамдық деген не?
2024 жылғы 4 желтоқсанда жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жүргізушілерге айыппұл салуды қарастыратын заң күшіне енді.
Еске сала кетейік, көлік құралының орташа жылдамдығы - бұл республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын жол учаскесінің ұзындығын көлік құралының сол аралықты жүріп өткен уақытына қатынасы ретінде есептелетін көрсеткіш.
Яғни, жүргізушілер А пунктінен Б пунктіне дейін белгілі бір уақытта жетуі тиіс, одан сәл кешірек келуге болады, бірақ ерте жетуге болмайды.

"Ұзындығы 239 шақырым болатын Астана – Щучинск тасжолын мысалға алсақ, оны жүріп өту үшін шамамен 2,5 сағат қажет екенін көруге болады. Бүкіл бағыт бойынша бір-бірінен 50–70 шақырым қашықтықта бақылау аркасы орнатылған. Жүргізушінің осы аркалар арасындағы қашықтықты қанша уақытта жүріп өткені де тіркеледі", - деп түсіндірді Әкімшілік полиция комитеті.

Орташа жылдамдықты бақылау енгізілгеннен кейін кейбір қазақстандықтар жүйені алдауға тырысқан. Әлеуметтік желілерде жүргізушілердің жол учаскесінен жоғары жылдамдықпен өтіп, соңғы камера алдында бірнеше сағат бойы күтіп тұрған видеолары пайда болды. Олар ұзақ тоқтаудың арқасында жүйе рұқсат етілген орташа жылдамдықты көрсетеді деп үміттенген.
Алайда ІІМ мұндай әдіс жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Жүйе автокөліктің бүкіл бақыланатын учаскедегі қозғалысын қадағалайды, сондықтан мұндай әрекеттер айыппұлдан құтылуға көмектеспейді.

"Кейін соңғы арка алдында тоқтап, күту үшін жолдың кейбір учаскелерінде жылдамдықты асырудың еш мәні жоқ. Бұл айыппұлдан құтқармайды, өйткені жүйе жылдамдықты асыруды әр учаскеде бөлек тіркейді. Өмір мен қауіпсіздік туралы ойлау керек", - деп жауап берген болатын сол кезде ІІМ өкілдері.

Бұған дейін Тараз-Шымкент тасжолында орташа жылдамдықты асырғаны үшін қайта айыппұл салына бастайтыны хабарланған болатын.
Тағы да оқыңыз: Қазақстанда тағы бірқатар тасжолда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл енгізіледі

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus