Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Үйдегі интернет көршілердің кесірінен “баяулауы“ мүмкін: себебі аталды

Мобильді байланыс пен интернет сигналының нашар болуына көрші ғимараттарда орнатылған қолдан жасалған күшейткіштер – репитерлер себеп болуы мүмкін. Бұл жабдықтардың қалай жұмыс істейтіні туралы Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Қабенов айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Репитерлер мобильді операторлар жұмысына қалай кедергі келтіреді?
Олжас Қабеновтің мәліметінше, сертификатталмаған сигнал күшейткіштер көбіне еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде қолданылады. Негізінен бұл құрылғыларды ауыл тұрғындары пайдаланады. Бір адамның "сұр" жабдықтың көмегімен өз үйіндегі байланысты жақсартпақ болған әрекеті, айналадағылар үшін кедергілер тудыруы мүмкін.
Анықтама: Репитер – сырттағы әлсіз радиосигналды қабылдап, оны күшейтетін және үй ішіне тарататын құрылғы. "Сұр" әрі арзан күшейткіштер қуатты автоматты түрде реттей алмайды. Олар ортақ жиіліктерде жұмыс істеп, базалық станциялардың сигналын тікелей "тұншықтыра" бастайды. Соның салдарынан бір адамда байланыс пайда болғанымен, айналасындағы барлық тұрғында қоңырау шалу мүмкіндігі мен интернет сапасы нашарлап кетеді.

"Сигнал әлсіз болған кезде оны күшейту үшін сертификатталмаған репитерлер қолданылатын кездер болады. Бірақ байланыс операторларының өздерінің ресми репитерлері бар, олар басқа операторларға кедергі келтірмейді", – деді комитет төрағасының орынбасары ОКҚ брифингінде.

Осы себепті сертификатталмаған репитерлерді пайдалануға тыйым салынған – олар ортақ радиожиілік диапазондарында жұмыс істейді және операторлардың базалық станциясы үшін бөтен кедергілер тудырады.
Күшейткіштерді пайдаланғаны үшін қандай жаза қарастырылған?
Қазақстанда қолдан жасалған және сертификатталмаған репитерлерді пайдаланғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637 және 638-баптары (радиоэлектрондық құралдарды пайдалану қағидаларын бұзу және радиожиілік спектрін пайдалану) бойынша жауапкершілік қарастырылған. Олардың иелеріне радиоэлектрон құралдарын тәркілеумен бірге айыппұл салынуы мүмкін.
Жеке тұлғалар үшін айыппұл көлемі 5 АЕК (2026 жылы 21 625 теңге), ал бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса – 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге) болады.
Бизнес үшін айыппұлдар айтарлықтай жоғары – компанияның көлеміне байланысты 60-тан 350 АЕК-ке дейін (2026 жылы 259 500-ден 1 513 750 теңгеге дейін).

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus