Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Аргентина құрамасына қатысты жаңа жанжал: ФИФА ӘЧ финалындағы төбелесті елеусіз қалдырды

Аргентина құрамасының ойыншылары Испания командасымен өткен матчтің финалдық ысқырығынан кейін төбелес шығарды. Жартылай қорғаушы Леандро Паредес қарсыласын ұрғанымен, жазадан құтылып кетті, - деп хабарлайды Tengri Sport журналист Дэйл Джонсонға сілтеме жасап.
Оқиға Нью-Йоркте өткен 2026 жылғы Әлем чемпионаты финалының соңында болды. Паредес испаниялық қорғаушы Эрик Гарсияның тамағынан алған, содан кейін жаппай төбелес басталды.
Матчтен кейінгі хаттамада төрешінің Паредесті алаңнан қуғаны көрсетілген, бірақ кейін бұл ақпаратқа түзету енгізілді.

"Бастапқыда ФИФА Паредестің испаниялық Эрик Гарсияны тамағынан итергені үшін төреші Славко Винчич тарапынан алаңнан қуылғанын хабарлады. Көп ұзамай Паредестің қызыл қағазы хаттамадан алып тасталды. ФИФА BBC Sport-қа ешқандай тәртіптік шара қолданылмағанын растады", - деп жазды Джонсон X желісінде.

Сонымен қатар ФИФА бұл эпизод бойынша тергеу тағайындады. Кейінірек шешім қайта қаралуы мүмкін.

"ФИФА футболдан әлем чемпионатының финалдық матчі соңында болған жағымсыз көріністерге байланысты Аргентинаға қатысты тергеу жүргізілетінін растады. ФИФА-ның тәртіптік комитеті финалдық ысқырықтан кейінгі оқиғаларды бағалау үшін тәртіптік және этикалық мәселелер бойынша прокурор тағайындады", - дейді журналист.

Кейбір БАҚ Паредестің алаңнан қуылғаны туралы шешімнің күші жойылғаны туралы ақпарат жариялағаннан кейін, журналист тағы бір мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жұрт оны дұрыс түсінбеген.

"Көптеген қолданушы менің Леандро Паредес туралы жариялаған ақпаратымды бұрмалап түсініп жатыр. Күші жойылған қызыл қағаз болған жоқ, өйткені қызыл қағаз мүлдем көрсетілмеген. Ол ФИФА комментаторларының ақпараттық жүйесінде қате көрсетіліп, кейін өшірілген", - деп мәлімдеді Джонсон.


Көптеген аккаунттар менің Леандро Паредес туралы берген ақпаратымды қате түсініп жатыр.▪️ Күші жойылған қызыл қағаз болған жоқ▪️ Өйткені қызыл қағаз мүлдем берілмеген▪️ ФИФА-ның комментаторлық ақпарат жүйесінде қате көрсетіліп, кейін жойылдыhttps://t.co/Sq2mOFykse
— Dale Johnson (@DaleJohnsonBBC) July 21, 2026
Айта кетейік, ФИФА 2026 жылғы ӘЧ финалының соңындағы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл ретте ресми сайтта Паредеске көрсетілген қандай да бір қағаз немесе төбелестен кейінгі өзге де санкциялар көрсетілмеген.
Аргентиналықтар жеңілістен кейін эмоцияға бой алдырыды
Еске салайық, Аргентина - Испания финалы сол кездегі әлем чемпиондары үшін оңай болған жоқ. Команда кездесудің басым бөлігінде қорғанумен болды.
93-минутта төреші аргентиналық Энцо Фернандесті екінші сары қағазы үшін алаңнан қуды, бірақ ойын овертаймға ұласып үлгерді.
Тек 106-минутта испаниялықтар есеп аша алды - аргентиналықтар пенальти сериясына дейін небәрі 14 минут "шыдас бере алмады".

Мұның бәрі ақылға сыйымсыз, бірақ Паредестің ойыншыны жерге құлатқанша теуіп, артынан оны тепкенін көріп тұрған төрешіге ештеңе болмағандай ақталып, сосын барып әлгі ойыншыны тағы бір ұрған сәті есімнен кетер емес. pic.twitter.com/xp6jm12OQG
— amadí (@amadoit__) 20 шілде, 2026 жыл
2026 жылғы ӘЧ-дегі Аргентина төңірегіндегі даулар
Еске салсақ, футболдан әлем чемпионаты аргентиналық команда үшін төрешілік дауымен басталған болатын. Көбісі Алжирге қарсы алғашқы ойында-ақ Лионель Месси қарсыласының аяғын басқаны үшін қызыл қағаз алуы керек еді деп есептейді.

As a Messi fan I must confess he's really been favoured by referee. That's a red card offence! Period! pic.twitter.com/y1CnqFIVfG
— RAZOR BLADE (@razorblade300) June 17, 2026
Кейін жанкүйерлер ФИФА-ны аргентиналықтар үшін "оңай тор" жасады деп айыптады: олар плей-оффта Кабо-Верде, Мысыр және Швейцариямен ойнады. Әлеуметтік желілерде команданы турнирден шеттету туралы петиция пайда болып, 10 миллионнан астам қол жинады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus