Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қашан Қазақстанның өз автокөлігі пайда болады және ол қалай аталады? Министр жауабы

Қазақстанда жеке автокөлік брендін құру жұмыстары жалғасып жатыр, алайда нақты модель немесе өндіріс алаңы туралы айту әлі ерте. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп хабарлайды Tengri Auto.
Үкіметте өткен брифингте журналистер Proton негізінде қазақстандық автокөлік брендін құру туралы бұған дейін айтылған жоспарды еске салып, министрден бұл жоба қай сатыда екенін сұрады.
Ерсайын Нағаспаев жеке автокөлік брендін құру Қазақстан мақсаттарының бірі болып отырғанын растады. Оның айтуынша, автоөндірісті дамытып жатқан көптеген мемлекет бұған ұмтылады, бірақ бәрінде бірдей жеке автокөлік маркалары бола бермейді.
Proton компаниясымен ықтимал ынтымақтастық туралы айта келе, министр қазіргі уақытта жоба тек пысықтау сатысында екенін атап өтті. Оның сөзінше, келіссөздер расымен жүргізіліп жатыр, бірақ әзірге нақты ештеңе жоқ. Сондықтан зауыт салынатын орын, инвестиция көлемі немесе болашақ брендтің атауы туралы айту ерте.
Бұл ретте Нағаспаев алғашқы отандық брендтер автобус өндірісі саласында пайда болуы мүмкін екенін хабарлады.

"Бүгінгі отырыста биыл Astana атты жеке автобус бренді пайда болатыны туралы хабарланды. Оны қазақстандық инженерлер әзірледі, өндіріс Алматыдағы зауытта ұйымдастырылады", — деді министр.

Жеңіл автокөліктерге келетін болсақ, шенеуніктің айтуынша, компаниялар алдында жеке бренд құру міндеті тұр, ал министрлік бұл бағытта оларға қажетті қолдау көрсетуге дайын. Нағаспаев бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын, түрлі компаниямен келіссөз жүріп жатқанын, бірақ егжей-тегжейін ашуға әлі ерте екенін қайталады.
Қазақстандық брендпен автокөлік шығару мүмкіндігі туралы бұған дейін "Бәйтерек" холдингінде айтылған болатын. Ақпанда холдинг басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин жобаны жүзеге асыру үшін Малайзияның Proton компаниясымен меморандумға қол қойылғанын хабарлады. Оның айтуынша, тараптар бірлескен кәсіпорын құру және Қазақстанда автобөлшектер өндірісін локализациялау бағытында жұмыс істеп жатыр. Сол кезде ол келіссөз аясында болашақ бренд пен автокөліктің атауы талқыланып жатқанын, бірақ түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын атап өткен болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus