Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құрылтай сайлауы: Орталық сайлау комиссиясы “Әділет“ ұсынған кандидаттарды тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына ұсыныған партиялық тізімін ресми түрде тіркеді. Партия атынан сайлауға 186 кандидат қатысады.

Тізімге әртүрлі сала мамандары енді. Олардың қатарында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық қызметтердің өкілдері бар.

Партиялық тізімге 72 әйел және 114 ер адам кірді. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас.

Сурет: Әли Ғалым

Айта кетейік, "Әділет" партиясы 2026 жылдың 1 маусымында тіркелген. Ал, Құрылтай депутаттарының сайлауы биыл 23 тамызда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірпалаталы парламент туралы алғаш 2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан еді.

Президенттің сөзінше, елімізде парламенттік реформа мәселесі кемінде жиырма жылдан астам уақыт бойы сөз болып келеді. Ал ондай Парламентті тек партиялық тізім бойынша сайлаған жөн, бұл – әлемде кеңінен тараған парламенттік рәсім.

Кейін 2026 жылдың 5 маусымында Мемлекет басшысы"Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы" конституциялық заңға қол қойды.

Онда Құрылтайды ұйымдастыру мен оның қызметі, заң шығару процесі және Құрылтайдың өкілеттіктерін жүзеге асырудың өзге де нысандары, депутаттарының құқықтық мәртебесі белгіленді.

Сонымен бірге, заңда Құрылтай өкілеттіктерінің кең ауқымы айқындалды. Соның ішінде вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тағайындауға келісім беру, ҚР Президентінің ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың судьяларын қолсұғылмаушылық құқынан айыру, Президент сайлауын тағайындау, Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін бекіту құзыреттері нақтыланған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus