Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматылықтарды ерекше жол белгісі таңғалдырды

Алматылықтар қала көшелерінде сирек кездесетін ерекше жол белгісіне назар аударды. Полиция бұл белгінің не үшін орнатылғанын және кімдерге қатысты екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengri Auto.
"Рөлге отырғаныма 20 жыл болды, мұндайды бірінші рет көруім"Алматы тұрғыны жазба жариялап, көп жылдан бері алғаш рет қалада "Көлік арбаларының қозғалысына тыйым салынады" деген белгіні байқағанын айтты. Оның сөзінше, белгі жақында Сәтбаев көшесінде орнатылған.

"Рөлге отырғаныма 20 жыл болды, Алматыда бұл белгіні бірінші рет көріп тұрған сияқтымын. Жақында Сәтбаев көшесіндегі Ұлттық банк пен Ә. Қастеев атындағы музей маңына орнатылыпты", – деп жазды жазба авторы.

Бұл белгі нені білдіреді?
Алматы Полиция департаменті бұл 3.8 "Көлік арбаларының қозғалысына тыйым салынады" жол белгісі екенін түсіндірді. Ол Жол жүрісі қағидаларына сәйкес көлік арбаларының қозғалысына тыйым салынған учаскелерге қойылады.

"Аталған белгі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көше-жол желісінің нақты учаскесінің ерекшеліктерін ескере отырып, көлік ағынын ұйымдастыру мақсатында орнатылады", – деп нақтылады ПД өкілдері.

Ведомство бұл белгінің талаптары барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін міндетті екенін айтты. Оның әрекеті мыналарға қолданылады:

көлік арбаларына (шаналарға),жегілген жануарларға,сондай-ақ мініс және жүк артылған жануарларға.

Алматыда бұл белгі қай жерлерге орнатылды?
Полиция мәліметінше, "Көлік арбаларының қозғалысына тыйым салынады" белгісі мына учаскелерге қойылған:

Коперник көшесі – Мақатаев көшесі;
Дулати көшесі – Өтеген батыр көшесі;
Мүсірепов көшесі – Сәтбаев көшесі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus