Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда самокаттардың тұрақ орындары белгіленді: енді кез келген жерге қалдыруға болмайды

Алматыда электрсамокаттарға арналған бірыңғай тұрақ жүйесі құрылды. Енді кикшеринг операторларының барлығы жалға беруші компаниялармен, Алматы әкімдігімен, Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығымен (ЖҚҰО) және Бірыңғай микромобильділік операторымен бірлесіп әзірленген тұрақ аймақтарының ортақ картасы бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Әкімдік мәліметінше, мәселе барлық қызмет үшін бірыңғай платформа құруға қатысты емес. Әр оператор бұрынғысынша өзінің мобильді қосымшасы мен ақпараттық жүйесін пайдаланады. Алайда тұрақтарды ұйымдастыру, оларды орналастыру қағидаттары мен жылдамдық шектеуі енді нарықтың барлық қатысушысы үшін біріздендірілді.
Неге тұрақ саны қысқартылды?
Бұрын әр қызмет сапарды аяқтауға болатын орындарды өз бетінше анықтайтын. Бұл ретте виртуалды тұрақ аймақтары тым көп болатын, ал олардың әрекет ету радиусының кеңдігі мен GPS қателігін ескергенде, пайдаланушылар самокатты кез келген жерде қалдыра алатын. Бұл тротуарлардағы бейберекет тұраққа әкеп соқтырып, жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудырды.
Мәселені шешу үшін Алматы әкімдігі операторлармен бірлесіп қаланы тексеріп, тұрақ аймақтарының орналасуын қайта қарап шықты.

"Жаңартылған желіні қалыптастыру кезінде олардың орналасу логикасы мен пайдаланушылардың нақты қажеттілігі ескерілді: тұрақ аймақтары метро бекеттерінің, қоғамдық көлік аялдамаларының, адамдар көп жиналатын нысандар мен аумақтардың жанында, сондай-ақ сапарға сұраныс тұрақты басқа да орындарда қарастырылған", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде 2200 виртуалды тұрақ аймағынан тұратын желі құрылды. Әкімдік олардың санының қысқаруы қызмет қолжетімділігіне әсер етпеуі тиіс екенін, керісінше, бұл тұрақты ретке келтіруге және жалдауды кез келген жерде аяқтау мүмкіндігін жоюға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Олардың санын оңтайландыру арқылы электрсамокатты кез келген жерде қалдырып кету мүмкіндігі айтарлықтай шектеледі.
Сонымен қатар қалада арнайы жол таңбалары сызыла бастады. Олар бірінші кезекте веложолдар мен жолақтары бар көшелерде пайда болды.
Фото: JET
Жаңа тұрақтар қаламен келісіледі
Егер бұрын операторлар тұрақ желісін өз бетінше кеңейте алса, енді жаңа алаңдар қаламен келісілгеннен кейін ғана пайда болады.
Әкімдік мәліметінше, қосымша тұрақ орындарын құру туралы шешім кикшеринг операторларымен бірлесіп қабылданады. Бұл ретте самокаттарды пайдалану қарқындылығы, нақты қажеттілік пен тұрғындардың өтініші ескеріледі.
Дұрыс қойылмаған самокаттар не болмақ?
Әкімдік мәліметінше, кикшеринг компанияларына қатысты Алматы Полиция департаменті тарапынан ден қою шаралары қабылданып жатыр.

Егер самокаттар талаптарды бұза отырып орналастырылса, полиция заңнамада қарастырылған шараларды қолдануға құқылы, соның ішінде электрсамокаттарды арнайы айыптұрақтарға қою да бар.

Бұл ретте әкімдік жалға алынған самокаттарды рұқсат етілген тұрақ аймақтарынан тыс жерде қалдыратын пайдаланушылар үшін жеке айыппұл жүйесін енгізу жоспарланып отырғанын әзірге нақты айтпады.
Фото: Владимир Прокопенко
Бірыңғай карта қалай жасалды?
Жаңа схема іске қосылмас бұрын, барлық кикшеринг операторы ЖҚҰО-ға сапарлар туралы иесіздендірілген деректерді, яғни "жылу карталарын" берді. Олардың негізінде мамандар ең көп сұранысқа ие бағыттар мен сапарлардың басталу және аяқталу орындарын талдады.
Осыдан кейін болашақ әрбір тұрақ алаңы жергілікті жерде тексерілді. Жаяу жүргіншілерге, мүгедектігі бар адамдарға және балалар арбасымен жүрген ата-аналарға кедергі келтірмейтін орындарға басымдық берілді. Егер әлеуетті тұрақ қозғалысқа кедергі келтіруі мүмкін болса, ол қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазіргі уақытта тұрақ аймақтарының картасы тек кикшеринг операторларының қосымшаларында қолжетімді (ол шамамен төмендегі скриндегідей). Бірыңғай жалпыға қолжетімді карта әзірге жоқ.

Әкімдік жаңа схеманың тиімділігі пайдалану нәтижесі бойынша талданатынын атап өтті. Қажет болған жағдайда тұрақ аймақтарының орналасуы мен саны түзетілуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 25 тамыздан бастап Алматыда электросамокат пайдаланушылары үшін жаңа ереже күшіне енеді. Тротуармен жүруге тыйым салынады, самокатты жүргізуші куәлігі бар кәмелетке толғандар ғана жалға ала алады.
Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, электрсамокаттар қозғалысы қарқынды Шевченко, Қонаев көшелері мен Абай даңғылында бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар оқу жылы басталар алдында мектептер мен жоғары оқу орындары маңында қосымша патрульдер пайда болады.
Тағы оқыңыз: Алматыда электрсамокат мінген блогер жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды
Электрсамокатпен қай жерде куәліксіз жүруге болады: полиция ережелерді түсіндірді
Алматыда самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus