Талдықорғанда бір айға жуық уақытқа ыстық су өшіріледі
"Басқуат" қазандығы мен жылу желілерінде жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылдың 20 шілдесі мен 17 тамызы аралығында қала бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады", - делінген әкімдік сайтында жарияланған хабарландыруда.
"Басқуат" қазандығы 1980 жылы іске қосылған, оның тозу деңгейі 72 пайыздан асады.
"Талдықорғанжылусервис" мәліметінше, қазандықта жыл сайын жылыту маусымына дайындық аясында жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстары жүргізіледі. Ыстық сусыз қалатын нысандар:
835 көппәтерлі тұрғын үй;210 бюджеттік мекеме;1 285 жеке тұрғын үй;1 322 өзге де тұтынушылар.
"Қазандықтың негізгі жабдықтары мен жылу желілеріне техникалық қызмет көрсетіліп, тозған бөлшектер ауыстырылады. Бұл алдағы қыс мезгілінде апаттық жағдайлардың алдын алуға және тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді "Талдықорғанжылусервис" КМК директоры Абзал Жағыпаров.
Компания өкілдері тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Тағы оқыңыз:5 пайыздық ипотека - Талдықорғанда өтінімдер қабылдау басталады