Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Азия чемпионатында Қазақстанның әнұраны қосылмай қалды: құрама оны өздері айтып шықты

Бүгін, 17 шілдеде, су спорт түрлерінен 19 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Қазақстан гимніне қатысты түсініспеушілік болды. Ұйымдастырушылар музыканы қоспай қалғанымен, су добынан құрама команда тығырықтан жол тауып шықты, деп хабарлайды Tengri Sport.
Оқиға Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан турнирдің алғашқы матчі алдында болды. Қазақстан құрамасы Жапонияға қарсы ойын өткізуі керек еді.

"Бүгін Бангкокта (Таиланд) су спорт түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Өзінің алғашқы матчінде әйелдер құрамасы Жапония командасымен кездесті. Ойын басталар алдында командаларды таныстыру рәсімі кезінде техникалық себептерге байланысты ұйымдастырушылар еліміздің мемлекеттік гимнін қоса алмады.Біз дереу ұйымдастыру комитетіне жүгіндік. Ұйымдастырушылар болған техникалық ақау үшін жедел түрде шынайы кешірім сұрап, мұндай жағдай енді қайталанбайтынына сендірді", - деді Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында команда бастығы Назира Шагирова.

Дегенмен, бұл келеңсіздік Қазақстан құрамасын абдыратып қана қоймай, қыздардың өз талантын көрсетуіне мүмкіндік берді. Олар гимнді музыкасыз орындап, бұл сәтті мақтаныш сәтіне айналдырды.

"Бірақ ең тебірентерлік сәт алаңда болды. Біздің қыздар сасқалақтамай, нағыз ауызбіршілік, өз еліне деген құрмет пен жоғары патриотизм танытты - олар мемлекеттік гимнді а капелла түрінде шырқап шықты. Бұл сәт рухтың күштілігінің, бірліктің және Отанға деген шексіз махаббаттың символына айналды", - деп толықтырды Шагирова.

Айта кетейік, Бангкоктағы турнир 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі саналады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Антон Бованың жарияланымы (@spor_tjob)


Бұған дейін конькимен жүгіру спортынан жастар арасындағы әлем чемпионатында ұйымдастырушылар Қазақстан гимнінің ескі нұсқасын қосып жіберген болатын.
Осыған ұқсас жағдай 2024 жылы да болды - Жәнібек Әлімханұлы мен жаңазеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек алдында да гимннің ескі нұсқасы қойылған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus