Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Еуропалық авиаотын 8 жылда алғаш рет Қазақстанға Грузия арқылы жеткізіледі

"ҚазТрансОйл" (ҚТО) компаниясына тиесілі Батуми мұнай терминалы сегіз жылдық үзілістен кейін алғаш рет Еуропа елдерінде өндірілген авиациялық отынды Қазақстанға жеткізуге дайындалып жатыр, деп хабарланды ҚТО сайтында. Бұл Қазақстанда маусым аяғында қолданыла бастаған Jet A-1 маркалы керосинге қатысты болып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы партия Батумиге жетті

Атауы аталмаған еуропалық мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген 10 мың тонна көлеміндегі алғашқы партия Грузияның Батуми қаласына Қара теңіз арқылы жеткізілді. Қазіргі уақытта отын терминалда сақтаулы тұр және Қазақстанға жөнелтілу үшін теміржол цистерналарының келуін күтіп жатыр.

Jet A-1 Қазақстан үшін неге маңызды?

Jet A-1 маркалы отын көптеген елде негізгі авиаотын болып саналады, бірақ кейінгі уақытқа дейін Қазақстанда қолданылмаған. Мамандар оның артықшылықтары ретінде жоғары энергия тиімділігін және зиянды қалдықтардың аздығын атайды. Сонымен қатар Jet A-1 экологиялық жағынан одан да таза SAF керосиніне өтудің аралық сатысы болып есептеледі. Былтырдан бастап Еуроодақта ұшақтарға құрамында кемінде екі пайыз SAF бар қоспаны ғана құюға рұқсат етілген. 2030 жылға қарай оның үлесі төрт пайызға дейін жеткізілмек.

Қазақстанда әлі күнге дейін ТС-1 және РТ сияқты ескірген отын түрлері қолданылады. 2023 жылдан бастап Үкімет пен "ҚазМұнайГаз" отандық мұнай өңдеу зауыттарының Jet A-1 өндіруге дайын екенін айтып келеді. Алайда әуежай инфрақұрылымы мен логистиканың жетілдірілмеуіне байланысты осы уақытқа дейін оны толыққанды өндіру мүмкін болмады. Кейінгі кезге дейін ереже бойынша басқа маркалы отынмен араластыруға болмайтын Jet A-1-ді сақтауға арналған резервуарлар Астана әуежайында ғана болды.

2025 жылдың желтоқсанында Мұрат Жұмаділлаевтың Sterling Energy компаниясы мен ҚМГ құрылымы "ҚазМұнайГаз-Аэро" Jet A-1-дің алғашқы партиясын қытайлық PetroChina компаниясынан сатып алды. Ол Алматы әуежайына арналған болатын. Маусым аяғында Қазақстанда жаңа отын түрімен алғаш болып Uzbekistan Airways ұшағына жанармай құйылғаны белгілі болды.

Батуми терминалы туралы не белгілі?

Батуми мұнай терминалының 100 пайызы "ҚазТрансОйл" компаниясына тиесілі. Ол мұнай, мазут, дизель отыны, бензин және көмірсутектердің басқа да түрлерін қайта тиеумен айналысады. 2006 жылы ҚТО сол кезде порттың жалғыз иесі болған норвегиялық Greenoak Group компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрды. Терминал Қазақстан мұнайын Қара теңіз арқылы экспорттаудың маңызды бағыты ретінде қарастырылды. Екі жылдан кейін "ҚазТрансОйл" серіктесінің үлесін 325 миллион долларға сатып алды. Ақпанда Грузия билігі Батуми терминалының топ-менеджерлерін жымқыру дерегі бойынша айыптады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus