Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда Құрылтай сайлауына қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

Үкімет Құрылтай сайлауын өткізуге өз резервінен қаражат бөлді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) отырысында ОСК мүшесі Михаил Бортник айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қанша қаражат бөлінді?
Михаил Бортниктің айтуынша, сайлау өткізуге 34,4 миллиард теңге бөлінді.

"Үкімет шешімімен 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттары сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге Үкімет резервінен 34,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат бюджет былтыр қабылданғандықтан және сайлау шығынын алдын ала жоспарлау мүмкін болмағандықтан Үкімет резервінен бөлініп отыр", – деді Бортник.

Қаражат неге жұмсалады?
Михаил Бортниктің сөзінше, бұл қаражат ел аумағында және шетелде сайлауды ұйымдастыруға жұмсалады. Шығынның төрттен біріне жуығы – 8,5 миллиард теңге сайлау комиссияларының жұмысына бағытталады.
Атап айтқанда, 47 жаңа сайлау учаскесін ашу жоспарланған, оларды толық жабдықтау – жәшіктерді, дауыс беру кабиналарын орнату және басқа да қажетті құрал-жабдық қажет.
Ел бойынша 10 674 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оған 70 мыңнан астам адам тартылады.
Сонымен қатар қаражат сайлау бюллетендерін басып шығаруға, учаскелерге арналған әдістемелік материалдар мен ақпараттық плакаттар дайындауға, сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеуге, сондай-ақ байланыс және көлік қызметтеріне төлеуге жұмсалады.
Сыртқы істер министрлігіне 61 елде 80 сайлау учаскесін ұйымдастыру үшін тағы 124 миллион теңге бөлінеді.
Құрылтай сайлауы
1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Сонымен қатар Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттардың өкілеттігі аяқталды. Жаңа Конституцияға сәйкес, елде екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы орган – Құрылтай жұмыс істейді.
Жаңа заң шығарушы орган депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Сайлауға 7 саяси партия жіберілді.
Құрылтай сайлауы: ОСК науқанның негізгі күндерін бекітті
Тағы оқыңыз: Құрылтай сайлауын кімдер бақылайды? ОСК түсіндірді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus