Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Аргентинаны шығарып тастаңдар“: 3 миллион адам ФИФА-ға қарсы петицияға қол қойды

Интернетте футболдан Аргентина құрамасын Әлем чемпионатынан шеттету туралы петиция пайда болды. Үш күн ішінде ол 3,6 миллионнан астам қол жинады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Петиция мәтінінде Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) Лионель Месси командасына бүйрегі бұрып тұрғаны айтылған. Мәлімдеме авторларының сөзінше, команданы турнирден шығару керек.

"ФИФА мен төрешілер Лионель Месси мен Аргентинаны жақтап отырғаны анық. Егер жеңімпаз алдын ала белгілі болса, қалған әлемге чемпионатқа қатысудың не керегі бар? Аргентинаны Әлем чемпионатынан шығарып, қалғандарына тең мүмкіндік беріңіздер", - делінген мәтінде.

Петиция авторлары талаптан бөлек, ФИФА-ның аргентиналықтарға ерекше көзқарасын дәлелдейтін дәйектерді тізіп шыққан.
Олардың айтуынша, Аргентинаның жартылай финалға әділетсіз өткенін дәлелдейтін 10 тармақ бар. Соның ішінде – жеңіл жеребе, матчтер барысындағы ережебұзушылықтарға көз жұму, жанкүйерлердің нәсілшілдігі және ФБР-дің Аргентина футбол федерациясына қарсы жүргізіп жатқан тергеуі бар.
Фото: argentinaout.com
Жанкүйерлердің Аргентинаға қатысты шағымы негізді ме?
Плей-оффтағы "жеңіл жолға" келетін болсақ, бұған аргентиналықтар қарсыластарынан артық кінәлі емес. Кабо-Верде мен Швейцарияның орнына команда деңгейі жоғары Уругвай немесе Португалиямен ойнауы мүмкін еді, бірақ олар өз топтарында тиісті орындарға ие бола алмады.
Төрешілікке қатысты айтар болсақ, кем дегенде бір даулы эпизод бар, оны астыртын әрекет деп түсінуге болады. Топтық кезеңнің алғашқы матчінде Лионель Месси қарсыласының аяғын басып кетті – дәл осындай ереже бұзғаны үшін турнирде басқа ойыншы алаңнан қуылса, аргентиналықтардың капитаны ойынды жалғастырды.

As a Messi fan I must confess he's really been favoured by referee. That's a red card offence! Period! pic.twitter.com/y1CnqFIVfG
— RAZOR BLADE (@razorblade300) June 17, 2026
ФБР-дің Аргентина футбол федерациясына қатысты тергеуі туралы тармақ оған қоса-қабат тіркелген. Іс жүзінде бұл жағдайдың Аргентина құрамасына және осы Әлем чемпионатына қатысы жоқ, ол ұйымның бұрынғы басшысының қызметіне қатысты.
ФБР Аргентина футбол федерациясына қарсы тергеуді қайта бастады - БАҚ
Аргентина футболдан ӘЧ жартылай финалында
Еске сала кетейік, Аргентина құрамасы Австрия, Алжир және Иорданиямен бір топтан бірінші орынмен шығып, кейін плей-оффта Кабо-Верде, Мысыр және Швейцария командаларын жеңген болатын.
Бұл ретте үш матчтің екеуінде аргентиналықтарға қосымша уақыт ойнауға тура келді.
Енді олар жартылай финалда Англия құрамасымен кездеседі. Матч Қазақстан уақыты бойынша 16 шілдеге қараған түні өтеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus