Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иранның оңтүстігінде тағы да бірнеше жарылыс болды

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі энергетикалық инфрақұрылым нысандарының маңында бірқатар жаңа жарылыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар елдегі ең ірі порт орналасқан Бендер-Аббаста, АЭС орналасқан Бушерде, сондай-ақ Конарак қаласында естіліп жатқанын хабарлады.

Кейінірек IRNA ақпарат агенттігі Бушер билігіне сілтеме жасап, қалада естілген жарылыс дыбыстары әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚО) жүйелерінің дер кезінде іске қосылуының салдары екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Бушер провинциясы губернаторының саяси мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Эхсан Джаханиян хабарлады.

Бұған дейін Иран Американың екінші күнге созылған шабуылдарынан кейін Кувейт пен Бахрейнге қарымта соққы жасады.

Сондай-ақ Иранда елдің қаза тапқан жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің құрметіне өткізілген бірнеше күнге созылған жерлеу рәсімдері аяқталды.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп атысты тоқтату режимі енді күшінде емес екенін мәлімдеген. Осыдан кейін АҚШ әскерилері Иран қалаларына бірнеше соққы жасады. Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) позициялары, ӘШҚО құралдары, жағалаудағы радиолокациялық станциялар және кемеге қарсы зымырандардың ұшыру қондырғылары нысана ретінде көрсетілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus