Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтауда жетім қалған жігіт 15 жыл күткен баспана кезегінен айырылып қалды

Ақтау тұрғыны Юрий Житников 2011 жылдан бері жетім бала ретінде тұрғын үй кезегінде тұрғанымен, жаңа есеп жүйесінен өзін таппай қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл оқиға 2011 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін басталған. Сол кезде әжесі екі кәмелетке толмаған баланы қамқорлығына алып, оларды жетім балалар санаты бойынша тұрғын үй алу кезегіне қойған.
Биыл көктемде Юрийдің қарындасына әкімдіктен қоңырау шалып, мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үйге құжат тапсыра алатынын хабарлаған. Мұндай баспананы жеңілдікпен жалдап тұруға және бес жылдан кейін қалдық құны бойынша сатып алып, жекешелендіруге болады.
Ал Юрий кезекте тұрғандар тізімінде жоқ болып шықты.

"Біз кезекте бірге тұрдық. Қарындасымды пәтер алуға шақырғанда, мен жоқ екенім белгілі болды", - деді ер адам.

Юрий Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жүгінді. Ресми жауапта шенеуніктер оның 2011 жылғы 9 маусымнан бері қарындасымен бірге кезекте тұрғанын растады.
Алайда 2025 жылдан бастап тұрғын үй кезегін жүргізуді қолға алған "Отбасы банк" АҚ керісінше ақпарат берді. Банктің ресми хатында мәліметтерді жаңа электрон жүйеге көшіру кезінде Юрий Житников туралы ақпараттың жоқ екені айтылған.
Банк ақпараттың жоғалып кету себептерін анықтау үшін әкімдікке жүгінуді немесе өз құқығын сот тәртібімен қорғауды ұсынды.
Қалалық әкімдікке қайта жүгінгеннен кейін шенеуніктер Юрийдің шын мәнінде жетім бала ретінде кезекте тұрғанын тағы да растады, бірақ енді құқығын қалпына келтіру үшін оған сотқа баруға кеңес берді.
Юрий 27 жаста, үйленген, екі кішкентай бала тәрбиелеп отыр және пәтер жалдап тұрады. Ер адамға үшінші дәрежелі нейросенсорлық құлақ мүкістігі диагнозы қойылған. Оның айтуынша, ауру асқынып барады, ал дәрігерлер есту қабілеті бұдан әрі нашарласа, мүгедектік тағайындалуы мүмкін екенін ескерткен.
Тұрмыстық жағдайына қарамастан, Юрий өз құқығын қалпына келтіруге ниетті. Алайда әкімшілік сот процесін өз бетінше жүргізу оған өте қиынға соғып тұр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus