Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңбыр мен найзағай: алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматы қалаларында алдағы үш күнде – 3, 4 және 5 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

3-4 шілдеде ауа райы құбылмалы бұлтты болады. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +13...+15 градус, күндіз: +24...+26 градус жылы болады.

5 шілде ауа райы құбылмалы бұлтты. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +28...+30 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

3 шілдеде күн бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады, кейде екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз: +23...+25 градус болады.

4 шілдеде ауа райы құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады, екпіні кейде 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +17...+19градус, күндіз: +25...+27 градус жылы болады.

5 шілдеде ауа райы құбылмалы бұлтты. Қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Жел батыстан соғып, кейін шығысқа ауысады. Жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні кейде 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19градус, күндіз +27...+29 градус болмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus