Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Қазақстанда кімдер тағайындалады?

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде алты лауазымды тұлға тағайындалуы тиіс. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Министрдің айтуынша, өтпелі кезең Конституция күшіне енген сәттен басталады.

"Барлық өтпелі ереже 94, 95 және 96-баптарда егжей-тегжейлі жазылған. Ертеңнен бастап екі айдың ішінде алты лауазымды тұлға тағайындалуы керек. Сонымен қатар Құрылтай сайлауының науқаны басталуы мүмкін", - деді Сәрсембаев.

Министр жаңа Конституцияның 95-бабына сәйкес, ол күшіне енген күннен бастап (яғни 2026 жылғы 1 шілдеден бастап) екі ай ішінде тағайындалуы тиіс:

Бас прокурор;Ұлттық банк төрағасы;
Жоғарғы сот төрағасы;Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
Жоғары сот кеңесінің төрағасы;
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Әділет министрінің айтуынша, сайлаудан кейін Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.

"Биыл қыркүйекте үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тапсыруы тиіс. Осыдан кейін Құрылтайдың келісімімен Конституцияда қарастырылған басқа да лауазымды тұлғалар тағайындалады", - деді министр.

Ол вице-президент келесі кезеңде, яғни қыркүйекте тағайындалатынын нақтылады.
Мән-жайы
Жаңа Конституция 1 шілдеде күшіне енеді.
Бұған дейін Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру үшін әзірленген бес конституциялық заңға қол қойды. Құжаттар Президенттің, Құрылтайдың, үкіметтің, сот жүйесінің және басқа да мемлекеттік институттардың қызметін реттейді.
Жаңа Конституцияның мәтіні наурызда ресми түрде жарияланды. Өтпелі ережелерде (94–96 баптар) Негізгі заң күшіне енгеннен кейін жаңа мемлекеттік институттарды қалыптастыру және лауазымды тұлғаларды тағайындау мерзімдері бекітілген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus