Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Асу Алмабаев UFC рейтингінде көтерілді

UFC-дің ең жеңіл салмақтағы қазақстандық файтері Асу Алмабаев промоушен рейтингінде жоғарылап, 7-орынға тұрақтады, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Аралас жекпе-жектің ең танымал промоушені UFC түрлі салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Мәселен, ең жеңіл дивизионда өнер көрсететін қазақстандық Асу Алмабаев екі сатыға жоғарылап, үздік файтерлер тізімінде 7-орынға жайғасты.
Скриншот: ufc.com/rankings
Бакудегі жеңіс
Асу Алмабаевтың рейтингтегі позициясы 28 маусымға қараған түні Бакуде (Әзербайжан) өткен UFC Fight Night 280 турниріндегі жеңісінен кейін көтерілді. Онда қазақстандық спортшы америкалық Чарльз Джонсонды мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жектің үшінші раундында Алмабаев қарсыласын партерге түсіріп, сирек болатын әдіспен тізе бүктірді.
Бұл әдіс - UFC тарихындағы ең сирек қолданылатын тәсілдердің бірі. Промоушен тарихында бұл әдіс бұған дейін небәрі 3 рет жасалған болса, Асу оны төртінші рет орындады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

UFC Eurasia (@ufceurasia) жарияланымы


Жекпе-жектен кейін қазақстандық файтердің бапкері Эдуард Базров Алмабаевтың жеңісті дәл осылай аяқтауды жоспарламағанын, тек қолайлы сәтті күтіп, күрестегі тәжірибесін ұтымды пайдаланғанын айтты. Нәтижесінде кездесу осындай айқын финишпен аяқталды.

"Жекпе-жектен кейін Асумен сөйлестік. Ол позицияны мүлт жібермей, бірден іліп әкетті. Бұл әдісті жаттығуларда қолданып жүретін. Жиі жасамаса да, дайындық кезінде балалар осы әдіске түсіп қалатын", - деп жауап берді маман.

Тікелей көрсетілімнен кадр
Асу Алмабаев UFC-дегі үздік өнері үшін бонус алды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus