Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Африкалық Хоттабыч“ ӘЧ-дегі сенсацияны болжады: Возинья Мессиді ойыннан шығарады

Африкалық шаман Нана Кваку Бонсам футболдан Әлем чемпионатын Португалия құрамасы жеңетінін, ал аргентиналықтар турнирдің 1/16 финалында-ақ күтпеген жерден жеңіліс табатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Ганалық бақсы бұған дейін Африка құрамасына қарсы ойында Гарри Кейннің гол соға алмауына өзінің қарғысы себеп болғанын айтқан еді, енді ол турнирдің қалай аяқталатынын білетінін алға тартты.
Оның пікірінше, плей-оффтың алғашқы кезеңінде-ақ Африканың тағы бір құрамасы үлкен сенсация жасамақ.

"Кабо-Верде Аргентинаны Әлем чемпионатынан шығарып жібереді", - деді шаман өзінің жаңа видеосында.

Возинья мен оның командасы қазіргі әлем чемпиондарын жеңетінінен бөлек, бақсы болашақ чемпионның кім болатынын да атады.

"Бұл Әлем чемпионаты Криштиану Роналду мен Португалияның еншісінде болады", - дейді ол.

Айта кетейік, суперкомпьютер болжамы бойынша, Аргентина құрамасы турнирдің басты фавориттерінің бірі саналып отыр, ал Португалия плей-офф қарсаңында үздік бестікке кірмейді.
Бұл ретте Кабо-Верде құрамасы мен оның қақпашысы Возинья - турнирдің басты сенсацияларының бірі. Команда Уругвай және Испаниямен бір топта ойнағанына қарамастан, әзірге бірде-бір матчте жеңілген жоқ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Nana Kwaku Bonsam (@nanakwakubonsam) жарияланымы


Бір түнде бес миллион адам жазылған: Әлем чемпионатындағы сенсациядан кейін қақпашы жұлдызға айналды
Нана Кваку Бонсам деген кім?
Ганалық шаман туралы алғаш рет 2014 жылы, португалиялық Криштиану Роналдудың жарақат алуына өзінің қатысы бар екенін айтқан кезде белгілі болған еді.
Бұл турнирде Бонсам Гана мен Англия құрамаларының текетіресі алдында бой көрсетті. Оның айтуынша, өзі жасаған сиқырлы рәсім ағылшындардың көшбасшысы Гарри Кейннің сәтсіздікке ұшырауына әсер еткен..
Айта кетейік, "Бавария" жұлдызы расымен ойынды нашар өткізді - бірде-бір гол соға алмай, бірнеше тиімді мүмкіндікті мүлт жіберді.
Біздің сайттағы футбол жанкүйерлері Бонсам мен КСРО-ға тап болған сиқыршы шал туралы 1956 жылғы атақты фильм кейіпкерінің ұқсастығын байқап, оны "африкалық Хоттабыч" деп атап кетті.
Фото: Фильм постері

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus