Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада полиция түнде “серуендеп жүрген“ есекті ұстады: иесіне айыппұл салынды

Астана полицейлері қалада серуендеп жүрген есекті "ұстады". Оқиға куәгерлері ерекше операцияны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жалғыз жүрген есек 28 маусым күні кешкісін әуежай маңынан байқалған.
Куәгерлердің айтуынша, полицейлер жануарды аудан ішінде еркін жайылып жүрген жерінен көрген.
Астана Полиция департаменті редакцияның сауалына берген жауабында жануардың ұсталғанын хабарлады.

Есектің иесі табылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 408-бабы – ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

"Есек қала маңындағы саяжай учаскесінің аумағынан өз бетінше шығып кеткені анықталды. Аталған дерек бойынша 42 жастағы иесі ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Полиция департаменті.

Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 408-бабында 3 АЕК (2026 жылы 12 975 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Қайталанған бұзушылық үшін айыппұл 10 АЕК-ке (43 250 теңге) дейін өседі.
Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне оларды күтіп-бағу және жаю ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Бақылаусыз жайылым жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіреді және жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Полиция өкілдері иелері жануарлардың тұрақты орындарынан өз бетінше шығып кетпеуін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus