Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бразилия мен Германия ӘЧ плей-офф кезеңінде: Қазақстанда матчтерді қайдан көруге болады?

Бүгін, маусымның 29-нан 30-на қараған түні, футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалы аясында үш матч өтеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындарын мундиалдың үздік 10 фаворитінің қатарына кіретін Бразилия, Германия және Нидерланды құрамалары өткізеді.
Ойындар Қазақстан уақытымен 22:00-де, 01:30-да және 06:00-де басталады.
Барлық матчті Qazsport арнасы, сондай-ақ телеарна сайты тікелей эфирде көрсетеді.
Бразилия - Жапония: тікелей трансляция
Алаңға алғашқы болып әлемнің бес дүркін чемпиондары шығады. Олар өздерінің соңғы титулын 2002 жылғы турнирде Жапонияның Иокогама қаласында жеңіп алған болатын.
Биылғы мундиалда бразилиялықтар Гаити мен Шотландияны жеңгенімен, Мароккомен тең түсті. Ал жапондар Нидерланды және Швециямен тең ойнап, Тунисті тас-талқан етті.
Жеңіліс дәмін татпаған командалардың матчі 29 маусым күні Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым: CBF • Seleção Brasileira de Futebol (@brasil)


Германия - Парагвай: қайда және қашан көруге болады?
Немістер топтық кезеңді Эквадордан күтпеген жерден жеңіліп аяқтады, енді олар жанкүйерлерінің алдында өздерін ақтап алуы тиіс. Сонымен қатар олардың ойында 1/8 финалдағы ықтимал қарсыласы - Франция құрамасы тұрғаны анық.
Парагвай азшылықта жүріп Түркия құрамасын жеңу арқылы топтан шықты, бірақ америкалықтардан ірі есеппен ұтылып, Аустралия қорғанысын бұза алмады.
Ойын 30 маусым күні сағат 01:30-да басталады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

German Football (@germanfootball_dfb) жарияланымы


Марокко - Нидерланды: тікелей трансляция
Бұл матчте ӘЧ-2026 турнирінде әлі жеңілмеген командалар қайта кездеседі. Голландтықтар үш матчте 10 гол соқса, марокколықтар жеті голмен шектелді.
Бұл ретте, егер Марокко Бразилия сияқты мықты қарсыласпен кездесіп үлгерсе, Нидерланды әзірге тек жапондармен ғана маңызды ойын өткізді.
Матчтің басталу ысқырығы Қазақстан уақытымен 06:00-де естіледі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

OnsOranje (@onsoranje) жарияланымы


Бұған дейін Бразилия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" жұлдызды вингері Винисиус Жуниор Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің жетістігін қайталап, қатарынан үш рет әлем чемпионаты матчтерінің үздік ойыншысы атанды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus