Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада әлеуметтік нысандар құрылысы үшін 224 жер учаскесі алынады

Астанада мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін сатып алуға 12 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған. Бұл қаражатқа мектептер, скверлер, инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымы құрылысы үшін 224 учаске алынады, деп хабарлайды ТengriНome.
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының "Ашық бюджеттер" порталында мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін иеліктен шығару туралы бағдарламаны жариялады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылы 224 учаскені сатып алу үшін 12 676 069 000 теңге қажет.

"Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою (соның ішінде сатып алу жолымен), оларда орналасқан жылжымайтын мүлік нысандарын бұзу, меншік иелеріне (жер пайдаланушыларға) өтемақы төлеу, сондай-ақ нысандарды кейіннен орналастыру және салу үшін жер учаскелерін босату бойынша іс-шаралар қарастырылған", - деп хабарлады Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ТengriНome сұранысына берген жауабында.

Ведомство жер телімі мен жылжымайтын мүліктің құны нарықтық бағамен бағаланатынын еске салды. Бұл жұмысты билік мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша тартатын тәуелсіз бағалаушылар жүргізеді.

"Жергілікті атқарушы орган мен меншік иесі арасында келісімге қол жеткізілген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарттың жобасы жергілікті өкілді органға келісуге жіберіледі. Мүлікті беру туралы мүдделі тұлғалардың кез келгенімен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару сот тәртібімен жүзеге асырылады", - деп толықтырды басқарма.

2026 жылы 27 әлеуметтік нысанның құрылысы үшін 224 жер телімін алып қою жоспарланып отыр:

төрт білім беру нысаны - ауданы 1,4 гектар болатын 94 жер телімін сатып алу;
алты жол-көлік инфрақұрылымы нысаны - ауданы 1,4 гектар болатын 22 жер телімін сатып алу;
сегіз абаттандыру нысаны мен скверлер - ауданы 2,9 гектар болатын 62 жер телімін сатып алу;
үш инженерлік инфрақұрылым нысаны - ауданы 2,9 гектар болатын 20 жер телімін сатып алу;
алты өзге нысан - ауданы 0,6 гектар болатын бір жер телімін сатып алу.

Тұрғын үй басқармасы жер учаскелерінің тізімін ұсынған жоқ.
Айта кетейік, 2027-2028 жылдары елордада 130 учаскені сатып алуға жыл сайын 13 миллиард теңгеден бөлу жоспарланған. Бірақ бұл тек жоспар екенін ескеру қажет.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus