Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Педальді шатастырып алған: Қарағандыда болашақ жүргізуші емтихан тапсыру кезінде қоршауды қиратты

Қарағандыда жүргізуші куәлігін алу үшін практикалық емтихан тапсыру кезінде 19 жастағы қыз педальді шатастырып, мамандандырылған ХҚКО қоршауына соғылды, деп хабарлайды Tengri Auto "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, оқиға 17 маусымда сағат 12:31-де мамандандырылған ХҚКО аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Kia автокөлігін тізгіндеген үміткер жүргізуші зейінсіздік танытып, педальді шатастырып алған, салдарынан қоршауға соғылған.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, алайда қоршау мен емтихан көлігі бүлінді.

"Кеше, 17 маусымда сағат 12:31-де мамандандырылған ХҚКО аумағында, алдын ала мәліметтер бойынша, практикалық емтихан тапсыру кезінде Kia автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі абайсызда педальді шатастырып, қоршауға соғылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Оқиғадан кейін қыз практикалық емтиханды қайта тапсыруға жіберілді. Сонымен қатар ол келтірілген шығынды өтеуі тиіс.
Біз мән-жайды мамандандырылған ХҚКО-ның баспасөз қызметінен нақтылап сұрадық. Ондағылар келтірілген шығын көлемі автокөліктің техникалық жай-күйіне бағалау жүргізіліп, қалпына келтіру жұмыстарының құны есептелгеннен кейін анықталатынын айтты.
Жыл басынан бері 10 жол апаты болды
2024 жылдың басынан бері Қарағандының мамандандырылған ХҚКО автодромында осыған ұқсас 10 оқиға тіркелген.

"Автодромдағы апаттар практикалық емтихандарды ұйымдастыруға әсер етеді, себебі зақымдалған көліктер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін уақытша пайдаланудан шығарылады", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Мемлекеттік корпорация сапалы дайындық пен көлік жүргізудің практикалық дағдыларын сенімді меңгеру жол қозғалысының барлық қатысушысының қауіпсіздігі үшін маңызды екенін еске салды.
Тағы оқыңыз: “Қатесіз өтсем де, қайта тапсыруға жіберді“: астаналық көлік жүргізу бойынша емтиханға шағымданды

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus