Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

20 маусымда ЖОО-ға құжат қабылдау басталады: талапкерлер нені білуі керек?

20 маусымнан бастап Қазақстанның барлық жоғары оқу орнында талапкерлерден құжаттар қабылдау басталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Tengri Education.
ҰБТ тапсырып қойған және білім беру гранттарының конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады.
Білім беру грантын алуға үміткерлер үшін конкурска қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 13-20 шілде аралығында қабылданады. Осы кезеңде талапкерлер оқуын жалғастыруды жоспарлаған білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орындарын таңдай алады.
Білім беру гранттарының конкурсына қатысуға өтінімдерді таңдалған жоғары оқу орнына қарамастан ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары қабылдайды. Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін өтінімді ЖОО-лардың виртуалды қабылдау комиссиялары және eGov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта тапсыру мүмкіндігі де қарастырылған.

"Оқуға түсу үшін минималды шекті балдар бұрынғы деңгейде қалады. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін шекті балл – 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – 70 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – 75 балл. Бұл ретте "Қазақстан тарихы" және ҰБТ-ның екі бейіндік пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл, ал "Оқу сауаттылығы" және "Математикалық сауаттылық" пәндері бойынша кемінде 3 балл жинау қажет. Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өздерінің шекті баллдарын белгілей алатынын атап өткен жөн", - деп еске салды министрлік.

Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі 2026 жылғы 10 тамызға дейін жарияланады.
Шығармашылық және арнайы емтихандарды өткізу, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу жағдайлары, жатақханаларда тұру және оқуға түсуге қатысты басқа да сұрақтар бойынша талапкерлерге өздерін қызықтыратын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына тікелей хабарласу ұсынылады.
Жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus