Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Төртеудің орнына біреу: Қазақстанда жаңа әлеуметтік төлем енгізу ұсынылды

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев жұмыс берушілердің негізгі салықтары мен әлеуметтік төлемдерін біріктіріп, бірыңғай төлем ретінде енгізуді ұсынды. Жаңашылдықты жалпыға бірдей белгіленген салық режимінде жұмыс істейтін шағын және орта бизнес үшін енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазіргі уақытта жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әлеуметтік салықты, әлеуметтік аударымдарды, МӘМС-ке аударымдарды және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бөлек-бөлек есептеп, аударуға міндетті.
Сонымен қата қызметкердің табысынан жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары және МӘМС жарналары ұсталады.
Сол себепті бухгалтерлер ай сайын әр қызметкер бойынша 7–8 салық пен әлеуметтік төлем түрін есептеуге мәжбүр. Бұл ретте олардың әрқайсысы үшін әртүрлі есептеу базалары, шектеулер мен есептеу ережелері қарастырылған.

"Кәсіпкер неғұрлым көп жұмысшы жалдаса, есептеу жүйесі соғұрлым күрделеніп, жиынтық жүктеме арта түседі. Шағын кәсіпорынның бухгалтері уақытын дамуға емес, бір жалақыдан сегіз түрлі төлемді әкімшілендіруге жұмсайды", - деді Берік Бейсенғалиев.

Жұмыс беруші қанша салық төлейді?
Ұлттық экономика министрлігінің депутаттық сауалда келтірілген деректері бойынша, еңбекақы төлеу қорына түсетін жиынтық жүктеме 39,5 пайызға жеткен, ал алдағы жылдары ол 41 пайыздан асуы мүмкін.
Бейсенғалиевтің пікірінше, күрделі әкімшілендіру мен өсіп келе жатқан жүктеме бизнесті қызметкерлерді бейресми түрде жұмысқа алуға және жалақының бір бөлігін "конвертпен" төлеуге итермелеуі мүмкін.
Бұл ретте депутат қызметкерлердің жалақысынан ұсталатын жеке табыс салығы мен міндетті зейнетақы жарналарын жоюды ұсынып отырған жоқ.
Нені біріктіру ұсынылады?
Жұмыс берушінің бірыңғай әлеуметтік төлеміне мыналарды қосу ұсынылды:

әлеуметтік салық;
әлеуметтік аударымдар;
жұмыс берушінің МӘМС-ке аударымдары;
жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары.


"Бір қызметкер - бір база - бір есеп - бір төлем", - деп түсіндірді депутат ұсынылып отырған жүйені.

Төлем түскеннен кейін мемлекет ақшаны бюджет, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында өз бетінше бөлуі тиіс.
Бейсенғалиевтің пайымдауынша, бұл есептеулер мен есептілік көлемін азайтуға, компаниялардың бухгалтерлік сүйемелдеуге жұмсайтын шығындарын қысқартуға және жұмысшыларды ресми түрде тіркеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Депутат үкіметтен қазіргі жүктеменің жұмыс орындарын ашуға және көлеңкелі жұмыспен қамтуға әсерін бағалауды, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген режимдегі ШОБ үшін бірыңғай әлеуметтік төлемді енгізуді қарастыруды сұрады.
Әзірге бұл тек депутаттық ұсыныс қана. Жаңа төлемді енгізу туралы шешім қабылданған жоқ.
Мән-жайы
Еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлем механизмі бұған дейін арнайы салық режимдеріндегі ШОБ-тың жекелеген санаттары үшін қолданылған болатын. Ол салықтар мен әлеуметтік аударымдарды бір төлеммен аударуға мүмкіндік беріп, содан кейін қаражат тиісті қорларға бөлінетін еді.
Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі қызметкер табысының 2,5 пайызынан 3,5 пайызына дейін өсті. 2028 жылға қарай оны кезең-кезеңімен 5 пайызға дейін арттыру жоспарланған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus