Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Үкімет Қазақстанда тағы бір тілді ресми түрде тану туралы ұсынысқа жауап берді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова мен оның партияластарының сауалына жауап берді. Бұған дейін олар ымдау тілін Қазақстандағы ресми қарым-қатынас тілі ретінде тануды сұраған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жауапқа сәйкес, үкімет ымдау тілін дамытуға және оны заңнамалық деңгейде тануға қатысты сауалды қарастырды. Қазақстанның шетелдегі мекемелерін тарта отырып, әлемде ымдау тілдерін ресми танудың халықаралық тәжірибесі зерделенді.

"Бірқатар елде (Германия, Ресей, АҚШ, БАӘ, Қытай, Түркия және т.б.) бұл норма мүгедектігі бар адамдардың тең құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты қарастырылады. Кейбір елдерде (Болгария, Жапония, Испания, Корея, Словакия және т.б.) ымдау тілін дамытуға бағытталған жеке норматив құқықтық актілер қабылданған. Ал өзге мемлекеттерде (Португалия, Хорватия, Швеция, Эстония және т.б.) бұл мәселе салалық норматив құқықтық актілер арқылы реттеледі", - делінген жауапта.

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар үшін әлеуметтік қорғау шаралары, әлеуметтік оңалту, арнаулы әлеуметтік қызметтер, сурдоаударма қызметтері, инклюзив білім беру және қолжетімділікті қамтамасыз ету тетіктері қарастырылған.
Бұдан әрі премьер-министр өз жауабында есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту бойынша өзекті статистиканы келтіріп, еліміздің жоғары оқу орындарында білікті сурдопедагогтарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жүйелі шаралар туралы баяндайды. Бектенов инклюзив қоғамды дамыту үшін цифрлық сервистер мен жасанды интеллект технологияларын енгізу барысын егжей-тегжейлі сипаттайды — бұған электрон бейне сөздік пен нысандардың интерактив қолжетімді картасын іске қосудан бастап, арнайы ЖИ-ассистенттерді құру және телехабарларды автомат түрде сурдоаударма жасау жүйесін әзірлеуге дейінгі шаралар кіреді.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы ымдау тілі мамандарының қызмет көрсету көлемін одан әрі кеңейту мәселесі жаңа әлеуметтік бастамаларға қосымша бюджет қаражатын бөлуге 2028 жылдың аяғына дейін қолданыста болатын мораториймен шектеліп отырғанын атап өтті.
Олжас Бектеновтің айтуынша, Қазақстанда қабылданған Инклюзив саясаттың 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Жасанды интеллектіні дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы да депутаттар көтерген мәселелерді қамтиды.

"Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік органдар мен үкіметтің тұрақты бақылауында", - деп түйіндеді премьер.

Мән-жай
Өткен айда депутат Екатерина Смолякова премьер-министр Олжас Бектеновке ымдау тілін заңнамалық тұрғыда тану, толыққанды қарым-қатынас тілі ретінде тану туралы ұсыныс тастаған болатын.
Сонымен қатар, ол депутаттық сауалында сурдоаударма қызметінің лимиті мәселесін де көтерді: қазір есту қабілеті бұзылған жандарға жылына 60 сағат сурдоаударма қызметі беріледі. Депутаттың айтуынша, бұл тіпті күнделікті өмірге — ауруханаға баруға, мемлекеттік қызметтер алуға, оқуға, жұмыс істеуге және қоғамдық өмірге араласуға да жеткіліксіз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus