Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Металлургтерге арналған “Оскар“ - Астанада “Алтын Гефест“ сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті

Елордада геология, тау-кен және металлургия өнеркәсібіне өмірін арнаған кәсіби мамандар арнайы марапатқа ие болды.
Astana Mining & Metallurgy халықаралық конгресінің аясында табысталатын "Алтын Гефест" сыйлығын "металлургтердің Оскары" деп те атайды. Жыл сайын бұл бағалы жүлдеге геологтар, тау-кен ісінің мамандары, кәсіпорындардың қызметкерлері мен ғылыми қауымдастық өкілдері таласады.

Үздіктер арасында топ жарған
2026 жылы KAZ Minerals Тобының өкілдері екі номинацияда жеңіске жетті. "ТМК саласындағы әйелдер" номинациясында KAZ Minerals Management Минералды ресурстар басқармасы техникалық департаментінің жетекші маманы Қарлығаш Шакенова үздік атанды. Ол осы салаға 42 жыл өмірін арнап, II жәнеIII дәрежелі "Кенші Даңқы" сыйлығымен марапатталған.

"Атам Қарағандыда шахтер, кейін бригадир болған. Әкем де оның жолын қуып кенші болды. Сол себепті мен де мамандық таңдауда еш күмәнсіз әкемнің ақылына құлақ асып, геолог болдым", - дейді Қарлығаш Шакенова.


Бүгінде KAZ Minerals Тобында әйелдер тау-кен инженерлері, маркшейдер болып жұмыс істейді және ұзақ жылдар бойы тек ерлердің кәсібі саналған мамандықтарда толағай табысқа жетуде.
Кәсібилік пен тәжірибе
"Жыл тәлімгері" номинациясында KAZ Minerals Bozshakol кәсіпорнының V дәрежелі диірмен машинисті Бекмұрат Сағынбаев жеңімпаз атанды. Ол жас мамандарды дайындау ісіне белсенді атсалысады. III дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталған.


"Тәжірибеден өтуге көптеген жастар келеді. Бәрі елгезек, технология мен цифрлық ортаны тез меңгеріп алады. Біздің міндетіміз – оларды жауапкершілік пен қауіпсіздік талаптарына үйрету", - дейді Бекмұрат Сағынбаев.

Ең бағалы капитал
Адам капиталы - KAZ Minerals Тобы үшін стратегиялық басым бағыттардың бірі. Компанияның тәжірибеден өту, кәсіпке бейімдеу және тәлімгерлік бағдарламалары бар.

"Жыл тәлімгері" және "ТМК саласындағы әйелдер" номинацияларындағы жеңіс – KAZ Minerals Тобының адам капиталын дамытудағы жүйелі жұмысының лайықты бағасы деп білеміз. Тәлімгерлік жас мамандардың кәсіпке бейімделіп, өсуіне көмектеседі. Біз студенттер мен түлектерді ақысы төленетін тәжірибеден өтуге тартып, тау-кен және металлургия өндірісінде қызмет жолын бастауына жол ашамыз", - деп атап өтті "KAZ Minerals Management" ЖШС басқарма төрайымы Айжан Балабатырова.

Тек 2024-2005 жылдары Ақтоғай мен Бозшакөлдегі кәсіпорындарға 260 тәжірибеден өтуші қабылданды, ал 2026 жылғы тағы 120 адамды қабылдау жоспарланған.
Суреттер: KAZ Minerals Тобы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus