Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері көп әйел алғаны әшкере болды

Ресейлік қақпашылар бапкері Виталий Кафановтың бірінші жары Марал Кафанова маманның онымен некеде болған кезде тағы екі әйелмен бірге тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport Ида Галичтің YouTube-арнасына сілтеме жасап.
Мамыр айының соңында Марал 2014-2015 жылдары Қазақстан құрамасының штабында жұмыс істеген бапкермен ажырасуға өтініш берген. Ал енді ол көлемді сұхбат беруді жөн көрді.
Оның айтуынша, 2025 жылдың басында күйеуі тағы бір некесі барын мойындаған. Бұл ретте Кафановтың өзі сол некенің қалай қиылғаны есінде жоқ екенін айтқан.

"Ол маған дуа жасаған шығар, өйткені ештеңе есімде жоқ... Мен тіпті қайсыбір нотариуста денемді де соған өсиет етіп қалдырыппын. Оған тағы үйленіп те алыппын", - деп Марал күйеуімен болған әңгімені баяндап берді.

Бапкердің екінші жарының есімі - Римма, ол басқа қалада тұрады. Маралдың балалары оны әлеуметтік желіден әкелері опасыздығын мойындамас бұрын байқап қойған, бірақ аналарына айтпаған. Кафанов екінші некесін 2018 жылы қиған.

"Біздің үйлену тойымыз 1979 жылғы 7 сәуірде болды, ал олардың тойы 2018 жылғы 3 сәуірде өткен. Бұл ретте олардың жас айырмашылығы 19 жас", - деді Марал.

Әйелі ажырасуға арыз бергеннен кейін, Кафановтың тағы бір ресми некесі болғаны анықталды.

"Кафановтың өкілі Ресей паспортының көшірмесін ұсынды, онда Римма Александровнамен неке қиылғаны туралы белгі, сондай-ақ Маралмен емес, басқа біреумен некенің бұзылғаны туралы екінші белгі болған. Осылайша, тағы бір параллель некенің болғаны белгілі болды", - деді сол видеода Маралдың адвокаты.

Оның 2000 жылдан 2018 жылға дейін Валентина Родинамен некеде болғаны анықталды. Оны Түрікменстан азаматы ретінде қиғандықтан, неке ресми түрде тіркелген.

"Ол достары бір әйелге құжаттарын заңдастыруға көмектесуін өтінгенін айтты. Кейіннен бұл жалған болып шықты - олардың өте жақын қарым-қатынаста болғанын Родина сотта растады", - дейді Маралдың тағы бір өкілі.

Осылайша, Виталий Кафановтың 1979 жылдан 2025 жылға дейін Маралмен, ал оған параллель 2000 жылдан 2018 жылға дейін Валентинамен және 2018 жылдан 2025 жылға дейін Риммамен некеде болғаны белгілі болды.

Виталий Кафанов және Қазақстан
Айта кетейік, 66 жастағы ресейлік маман Ашхабадта (қазіргі Түрікменстан) дүниеге келген, бірақ ойыншы ретінде алматылық "Қайрат" пен семейлік "Елімай" клубтарының намысын қорғаған.
Сонымен қатар ол Қазақстан құрамасы сапында бірнеше матч өткізген, тіпті тәуелсіз Қазақстан ұлттық құрамасының алғашқы шақырылымының құрамында болған.
Ойыншы карьерасын аяқтағаннан кейін Кафанов қақпашылар бапкері ретінде жұмыс істей бастады және 2014-2015 жылдары Юрий Красножанмен бірге Қазақстан құрамасында қызмет етті.
Қазіргі уақытта ол футболдан Ресей құрамасының бапкерлер штабында.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Футболдан Ресей құрамасының жарияланымы (@teamrussia)

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus