Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Дрондар Ресейдегі ірі МӨЗ-ге шабуыл жасады

12 маусымда таңертең дрондар Татарстандағы бірнеше нысанға, соның ішінде аймақтағы негізгі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Дрондардың шабуылы Еуропадағы ең ірі мұнай-химия кешендерінің бірі, "Сибур" холдингіне кіретін "Нижнекамскнефтехим"-ге әсер етті, деп хабарлайды ArbatMedia. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған видеоға қарағанда, кәсіпорында өрт шыққан.

Татарстан басшысы Рустам Минниханов шабуылға ұшыраған кәсіпорындар зардаптарды жедел түрде жойып жатқанын және өндіріс процестері тоқтатылмағанын айтты.
Бұдан бөлек, Минниханов ұшқышсыз ұшақтардың бірі тұрғын үйге түсіп, үш адам зардап шеккенін мәлімдеді. Тұрғындар эвакуацияланып, олар үшін жақын маңдағы лагерь базасында уақытша орналастыру пункті дайындалып жатыр. Төменгі Кама мен Қазан әуежайларында ұшақтарды қабылдау мен жөнелтуге шектеулер енгізілді.
Айта кетейік, дәл осы күні таңертең дрондар Самара облысындағы "Тольяттикаучук" химия зауытына да шабуыл жасады. Бұл — синтетикалық каучук, мономерлер, полимерлер, сондай-ақ автокөлік отынына арналған қоспалар шығаратын "Татнефть" кәсіпорны.
Ресейдегі отын дағдарысы
Ресейдегі мұнай өңдеу нысандарына жасалған шабуылдар бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Мәселен, 20 мамырдағы шабуылдардан кейін "Лукойл-Нижегороднефтеоргсинтез" мұнай өңдеу зауыты өзінің негізгі алғашқы мұнай өңдеу қондырғысының жұмысын тоқтатты. Бірнеше күн бұрын Мәскеу мұнай өңдеу зауыты тоқтап қалды, дегенмен БАҚ мәліметінше, дрондар зауытқа айтарлықтай зақым келтірмеген. Көбіне соққылар Рязань және Саратов мұнай өңдеу зауыттарына, сондай-ақ Краснодар өлкесіндегі кәсіпорындарға бағытталған.
"Вот так" басылымының есебі бойынша, іс жүзінде Ресейдің еуропалық бөлігінде ұшқышсыз ұшақтардың шабуылына ұшырамаған ірі мұнай өңдеу зауыты қалмаған.
Осы жағдайға байланысты елде отын жеткізуде іркілістер басталды. Орталық бөлікте тұрғындар бензин мен дизель тапшылығына тек кейбір жанармай бекеттерінде тап болса, бірқатар аймақтарда отын тек талонмен немесе қатаң шектеумен — бір адамға 20 литрден асырмай беріліп жатыр.
Дағдарыс Қазақстанға әсер етуі мүмкін бе?
Қазақстанда отын тапшылығын күтпейді. Жуықта энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазіргі отын қоры ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге жеткілікті екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Ақкенженов Ресейде мұнай өңдеу кәсіпорындарының жұмысына қатысты тәуекелдер сақталып отырғанын растады. Ол өз ведомствосының бұл мәселе бойынша ресейлік әріптестерімен тұрақты байланыста екенін қоса айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus